Газдың жарылуы – немқұрайлықтан

Лисаков қаласында көп қабатты үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан іргелес пәтерді бөліп тұрған қабырға опырылып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.
27 наурыз күні 16 сағат 46 минутта Лисаков қалалық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 5-ші шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түседі. 4 минуттан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 3 шаршы метр ас үйдің отқа оранғанын анықтайды.
«Оқиғаның себебі – адами фактордан, қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамаудан. Үй иесі газ плитада тамақ пісіріп, су қайнатып жүріп, оны қараусыз қалдырған. Осы кезде плитаға келіп қосылатын құбырдан ауаға газ тарай бастаған. Бір мезет от шарпыған ауадағы газдан жарылыс болып, оның екпінінен көрші пәтермен бөліп тұрған 13 шаршы метр гипс қабырға опырылып құлады», — делінген хабарламада. 
Жарылыс кезінде үйде пәтер иесінің 28 жасар ұлы, ал көрші пәтерде үш ересек адам мен он айлық нәресте болыпты. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер келіп жеткенше үй иелері өздері сөндіріп алған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓