30 шақырымның азабы: жолда босанған әйел

Көктем келгенімен, қатты жел, боран, бұрқасын әлі басылар емес. Тіпті, аймағымыздың оңтүстік өңірлері қатты желдің әсірінен басып қалған қар құрсауынан құтыла алмай отыр. Жаяу борасын жолдарды жиі басып, қатынасты қиындатуын тоқтатпай тұр. Ең бастысы, осындай уақытта адам денсаулығы алдыңғы орында болатыны анық. Облыстық ТЖД ауа райының қолайсыз күндерінде сақтық шараларын барынша қолға алуды ескертеді.
21 наурыз күні сағат 9:36-да 112 пультіне Арқалық қаласынан 30 шақырым жердегі Фурманов елді мекенінен жаңа туған нәрестесі мен анасын шұғыл ауруханаға жатқызу туралы хабарлама түседі. 
«33 жасар келіншек пен сәбиді жергілікті фельдшер мен науқастың туысы жедел жәрдем көлігімен тас жолдың бойына дейін жеткізген. Қар тазалайтын грейдер жедел жәрдем көлігінің алдына шығып, жолды тазалап келе жатқан. Алайда сырғыма борасын тазалап кеткен жолды қайта басып, көліктің қалаға жетуі қиындай түсті. Осы кезде Арқалықтағы құтқару бөлімі жол талғамайтын ГТ-ТБ жыланбауыр техникасымен шықты. Фурмановтың бұрылысына келген олар әйел мен баласын отырғызып алды. Уақыт оздырмау үшін жол ортада оларға қарсы алдынан СКБ-600 жол талғамайтын жүрдек көлігі барды», — делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.
Осылайша үш көлікке ауыстырып мінгізген жас ана мен нәресте 14:31 уақытында Арқалық қалалық перзентханасының дәрігерлерінің қолына табысталыпты.
Бізге белгілі болғандай, аяғы ауыр әйелді Фурманов тұсында жол үстінде күйеуі босандырып алыпты. Бұл туралы Арқалық өңірлік орталық қалалық ауруханасының бас дәрігері Құралбай Асанов хабарлады. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы жақсы. Ал жаңа туған нәрестелі келіншекті Арқалыққа дейін жеткізу үшін төтеншеліктердің көмекке баруына тура келген.   

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓