Электронды сервиске сұраныс артқан

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиын барысында облыстың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселесі қарастырылды. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.Мәселен, өткен жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары 8 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 71 мың, мемлекеттік органдардан 590 мыңнан астам азамат қызмет алған.
 "Елде төтенше жағдай енгізу және одан кейінгі карантиндік шаралар электрондық қызметтерге сұраныстың жоғарылауына ықпал етті. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 172 түрлі қызмет көрсетеді, оның 14-і қағаз түрінде ғана ұсынылады. Қалған 158 қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға мүмкіндік бар", — дейді аймақ басшысы..
 Бұдан әрі «ашық бюджеттердің интерактивті картасы» веб-порталын әзірлеу мәселесi тақыланды.
"Веб-порталды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген. Ол сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсету және бақылау, шағымдар, пікірлер жинау және ақпаратты талдау үшін жалпыға қолжетімді сервис ұсынады. Карта Жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді", — деп жазды облыс әкімі.
Аймақ басшысы отырыс қорытындысында халықты «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға ынталандыруды күшейту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓