«Жеңіс монетасын жаса!»

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Ұлттық Банкі "Жеңістің 75 жылдығы" тақырыбында монеталардың үздік бейнесі үшін Қазақстан азаматтары арасында "Жеңіс монетасын жаса!" ашық байқауын жариялаған болатын. Бұл байқауға облысымыздың шығармашылық студияларының оқушылары белсенді қатысты. Балалар конкурстық іріктеуге бағытталған ондаған көркемөнер жұмыстарын жасады. Байқау қорытындысы бойынша "Үздік көркем безендіру" номинациясы бойынша Қостанай ауданының Балалар шығармашылығы үйі жеңімпаз деп танылды.
Жуырда пандемияға байла-нысты біршама кешіктірілген марапаттар облысқа жеткізіліп, жеңімпаздарға табысталды. Балалар шығармашылығы үйіне ақшалай сертификат, "Жеңіске 75 жыл" күміс монетасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қол қойған диплом табыс етілді. Айта кету керек, Қостанай ауданының балалар шығармашылығы үйінің оқушылары Ұлттық Банк өткі-зетін байқаулардың екінші мәрте жеңімпазы атануда. 2018 жылы ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған "Теңге балалардың көзімен" атты балалардың сурет байқауында "Монетаның үздік бейнесі" номинациясында 12 жастағы Саян Байтеңізовтың жұмысы жоғары бағаланған еді.
Бұдан басқа, республикалық деңгейде А.И.Никифоров атындағы Балалар көркемөнер мектебі ерекшеленді. Балалар байқауға 30-ға жуық жұмысты жолдады. Мектеп ұжымының белсенді қатысқаны және шығармашылық бастамасы үшін директор Татьяна Кузьменковаға Ұлттық Банк атынан алғыс хат табыс етілді. Байқауға қатысушылардың барлығына кәдесый ретінде нейзильберден "Жеңіске 75 жыл" монетасы мен сертификаттар берілді.
Жас суретшілердің байқауға қатысуы оларды көпұлтты Отанымыздың тарихын танып-білуге, өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға және Жеңіс күні мерекесінің өзіндік бірегей көрі-нісін көрсетуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз!
Қазақстан Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓