«Тобылдың» жаңа құрамы

Команда құрамымен танысу рәсімі «Жастар сарайында» өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Ол команданы Суперкубок турниріндегі жеңісімен құттықтап, жаңа футбол маусымында сәттілік тіледі.
Шара барысында «Тобыл» клубының осы маусымдаойнайтынфутболшыларытаныстырылды. Биыл команда құрамынаедәуірөзгеріс енген жоқ. Бапкерлер штабы былтырғыдай қалды. Григорий Бабаян биыл шетелден бірнеше ойыншы алдырды. Олардың ішінде Душан Йованчич бірден көзге түседі. Ол «ПСЖ», «Бавария» сынды алпауыт командаларға қарсы чемпиондар лигасында өнер көрсеткен.Шара соңында жанкүйерлер футболшыларға сұрақтарын қойып, естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.
«Тобылдың» 2021 жылғы футбол маусымына арналған құрамы төмендегідей:
Қақпашылар: Александр Мокин, Егор Цуприков,СұлтанБусурманов
Қорғаушылар: Роман Асранкулов, Дмитрий Мирошниченко, СұлтанӘбілғазы, Руслан Валиуллин, Александр Марочкин, Сергей Малый, Алекса Аманович.
Жартылайқорғаушылар: ДаниярСемченков, АзатНұрғалиев, СаматЖарынбетов,ДушанЙованчич, АсхатТагыберген,ЖеремиМанзорро, Серикжан Мужиков, Тони Сильва, ЖасланЖумашев,Карлос Фонсека
Шабуылшылар: Оралхан Омиртаев, Элгуджа Лобжанидзе
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓