Президент екпе жасатуға шақырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықты коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасатуға шақырды.
Мемлекет басшысы "Твиттер" желісіндегі парақшасында ең әуелі қатерлі індетке қарсы күрес туралы жазды.
"Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады", — деді Қ.Тоқаев.
Ол төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілгенін, береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсере алғанымызды сөз еткен. Дегенмен әлі де арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертіп, сақтыққа шақырды.
"Дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын", — деп түйіндеді Президент жазбасын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓