Жарнама жою акциясы

Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірге есірткі жарнамасы бар суреттер мен граффити жазбаларын жою, бояу акциясын өткізді. Бірнеше сағат ішінде осындай 65 жазба және 100-ден астам граффити боялды. Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ерәділованың айтуынша, акция ауқымы кеңейіп, оны өңірдің қалалары мен аудандары да қолдады.
«Бұл – облыс орталығында биыл өткізілген екінші акция. Қала тұрғындарының көмегімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтар бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Бізге мұндай астыртын жазулар туралы хабарламалар көп келіп түседі», – деді ол. «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚҚ басшысы Гүлсім Бисембаева атап өткендей, есірткінің таралу проблемасын күш біріктіре отырып, бірлесіп жеңуге болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓