Құрылыс барысымен танысты

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Притобол паркінің солтүстік бөлігін реконструкциялау барысын қарап шықты. Ол бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.Облыс әкімі берген мәліметке сәйкес, учаскенің жалпы ауданы – 127103,18 шаршы метр. Мұнда Паркур, Workout, скейт, стритбол алаңы, кедергілер жолағы, баскетбол алаңы, 10-14 жастағы балаларға арналған алаң пайда болады.
"Қазіргі уақытта бар алаңдар: арқан лагері, үстел теннисі алаңы, 7-10 жастағы балалар ойнауға арналған алаң, балаларға арналған кедергілер жолағы, су-ойын алаңы. Аралау қорытындысы бойынша, қала әкіміне барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырдым", — деп жазды аймақ басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓