Қостанай өңірлік университеті талапты жастарды қолдайды!

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бүгінгі концерттің көркі – X-Factor тележобасының 8-ші маусымының жеңімпаздары «BRO» дуэті. Ағайынды әншілер тек облыстың ғана емес, университеттің де абыройын асқақтатты! Бекболат – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенті.
«BRO» дуэті мерекелік концертте өздерінің бірнеше шығармаларын орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Осы сәтті пайдаланып, оқу орнында өткен жылы құрылған Түлектер қауымдастығы өнерпаз жігіттерді жеңістерімен құттықтады. Қауымдастық атынан «Жас-Қанат 2006» ЖШС-нің бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Дәурен Ниязбаев тележоба жеңімпаздарына 1 000 000 теңге сомасындағы сертификат және «Жеңімпаз» статуэткасын табыстады.
Университет дарынды жастарды қолдайды және студенттердің жан-жақты дамуы үшін барынша жағдай жасайды. Baitursynov university Түлектер қауымдастығы да оқу орнының талапты жастарының барлық бастамаларын қолдау, көмек көрсету мақсатында құрылған болатын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓