Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері талқыланды

IMG_3651Жақында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен  қалалық және аудандық әкімдік-тердің ішкі саясат бөлімдері басшыларымен және қалалар мен аудандардағы ақпараттық-насихаттық топтар мүшелерімен "Діни  экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу" тақырыбында оқыту семинары болып өтті. Басқосуға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дін істері жөніндегі Комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин,  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дін істері жөніндегі Комитетінің  христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыс бас-қармасының басшысы Н.Мұқанова, Қостанай облысы прокуратурасының бөлім бастығы М.Күзбаев, басқа да жауапты қызметкерлер қатысты.
Семинарды ашқан Қостанай облысы әкім-дігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Нөгербеков  облыстағы діни жағдай, оның даму үрдістері туралы баяндады. Үш күнге созыл-ған басқосуда діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланып, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу, діни ортада заңсыз қызметтің жолын кесу, діни ағымдардың сипаттамалары, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат және облыстағы ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысы туралы баяндамалар тыңдалды. Дәстүрлі діндер өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар қажетті діни анықтамалық, әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілді.  Басқосуға қатысушылар оқыту семинарының саяси-идеялық, ұйымдастырушылық жағынан алғанда жоғары деңгейде өткенін айтып, оның жұмысына жоғары баға берді. 
Мнауара
    ҚАБДРАХМЕТОВА
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓