Өнеркәсіп өрістеді

Қостанай облысында 2020 жылды өнеркәсіп өндірісі өркен жая түсті. Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов «Облыстық 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есеп беру жиыны барысында айтты. А.Мұхамбетовтің баяндауынша, өнеркәсіп өндірісі — 7,4% (1,5 трлн тг), ауыл шаруашылығының көлемі — 20,8% (572,1 млрд тг), инвестициялар — 11,0% (329,5 млрд тг), құрылыс жұмыстары — 28,4% (150,7 млрд тг) және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 13,1%-ға (379,4 мың ш.м.) өскен. Өнеркәсіп кәсіпорындары 1 494,7 млрд теңгенің, тау-кен өндірісі секторында 562,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліпті. Темір кені концентраты мен асбест өндірісі 7,9%-ке ұлғайған. Нарық алпауыты саналатын көлік құрастыру саласында да табыс қомақты.
"Жергіліктілендіру мен қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқан машина жасауда өндірістің 1,5 есе өсуі қамтамасыз етілді. Сала кәсіпорындары 392,1 млрд теңгенің өнімдерін шығарды. Бұл ретте жеңіл автомобильдер құрастыру 1,5 есе, 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған автомобильдер құрастыру   2,4 есе, жүк автомобильдерін құрастыру 3 есе, тракторлар құрастыру 1,8 есе ұлғайды. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша, автоөнеркәсіп 40 мыңнан астам автокөлік шығарды, бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 1,6 есе көп, ал 2021 жылы шамамен 60,0 мың бірлік автокөлік құрастыру жоспарланып отыр", — деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, өткен жылы экспортқа автомобиль жеткізу көлемі де 3,1 есеге артқан. Мәселен, егер 2019 жылы 2629 көлік экспортталса, 2020 жылы 8122 автомобиль шекара асқан. 2021 жылы шамамен 14 мың автокөлік экспорттау жоспарлануда.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓