Мектеп кітаптарының сапасы нашар – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін айтты. Мемлекет басшысы тарих бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын енгізуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кітаптардың сапасы бойынша сұрақ көп. Бүгінде мектептерде еліміздің және әлемнің тарих оқулықтары қолданылады, онда көптеген сәйкессіздікті көруге болады. Кей кітапты оқып көрдім және олардың сапасына таңғалдым", — деді Тоқаев. 
Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жағдайлар мен деректер оқушыларға бұрмаланбай жеткізілуі керегін айтты. 
"Сондықтан Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын, — деді Президент.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓