Шетел сарапшылары жоғары баға берді

ҚР Парламенті мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізудің маңызды бөлігі – оған халықаралық бақылаушылардың қатысуы. Мәселен, Ақмола облысына бақылау жүргізген шетелдік бақылаушылар қатарында Ресей Федерациясы және Татарстан Республикасының ТМД атқарушы комитетінің өкілдері болды. Бұл туралы 716.kz жазады.80b81071
Аталған өңірде сайлау кампаниясы қалай өткендігі туралы халықаралық бақылаушылар Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. Олардың сөзінше, облыс тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысқан, сайлау прцесін ұйымдастыру кезінде ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.
"Біз қалалық және ауылдық елді мекендердегі 10 сайлау учаскесіне бардық. Барлық учаскедегі жұмыс тас-түйін, талапқа сай жүргізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталғанына куә болдық", — деді Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы құзіретті өкілі Денис Валеев.
Айта кету керек, Ақмола облысында әртүрлі қызмет саласынан жұмылдырылған 9 мыңнан астам бақылаушы болды. Олардың құрамында қоғам белсенділері, кәсіподақ, саяси партия, бизнес өкілдері және жастар бар. Сондай-ақ Ресей, Молдова, Франция, Финляндия және өзге де елдерден келген 17 халықаралық бақылаушылар жұмыс істеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓