Қостанай көш басында тұр

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өңірде екі жүзден астам жоба мақұлданған. Яғни, бағдарламаны  жүзеге асыру бойынша облыс еліміз бойынша көш бастап тұр. Өңірлік жобалық кеңсенің жұмысында 54,9 млрд теңгеге бағаланған 267 жоба бар. Олардың 215-і мақұлданды, ал 203-і қаржыландырылды.  5d5e4d9abb4e6«Жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіптік кешені саласына тиесілі. Сосын  тамақ өнеркәсібі немесе ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге қатысты  жобалар-13,5%-ке тең. Өңдеу өнеркәсібінде-7%, қызмет көрсету саласында — 1,4%. Есепті кезеңде екінші деңгейлі банктер 30,8 млрд теңгеге бағаланған  66 жобаны, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ — 6,1 млрд теңгенің 149 жобасын  мақұлдады», — дейді облыстық  кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Естеріңізге сала кетейік, «қарапайым заттар экономикасы»  тиімді жобаларға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы  осыдан екі жыл бұрын, желтоқсан айында қабылданған еді. Оның негізгі міндеті — импорттық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға иек арта бермей,  ішкі нарықты жергілікті тауарлармен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта несиелендіруге жататын  тиімді  жобалардың   тауарлар тізіміне 140-тан астам қызмет түрі енгізілген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓