Архимед Мұхамбетов: «Полицейлер жұмыста да, тұрмыста да үлгі болуға тиіс»        

2021 жылғы 5 қаңтарда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті. 31251472-b9b6-499f-ba08-42fba7eae893Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының алдына полиция жұмысы ашықтық пен айқындыққа негізделуі тиіс деген міндет қойған еді. Облыс әкімі бүгінде ішкі істер органдарының азаматтармен өзара қарым-қатынасының сервистік моделін енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол халықтың сенім деңгейін арттыруға және "кері байланыс" орнатуға бағытталғанын атап өтті.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар соңғы 5 жылда 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Ағымдағы жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Осының арқасында байланыс құралдары, бейнебақылау құрылғылары, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің стационарлық кешендері сатып алынды. Тек "Автоураган" жүйесінің көмегімен өткен жылы 66 мыңнан астам жол қауіпсіздігі ережесін бұзу деректері анықталған.  
Қостанай облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов облыс бойынша өңірде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
Биыл қылмыс түрлерінің төмендегені байқалды. Олардың қатарында кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, алаяқтық, бұзақылық және ұрлық бар.c165d74d-21ce-40da-a4ad-57c40ac2b4a5

"Өңір үшін мал ұрлығы әлі өзекті мәселе болып тұр.  Биыл олардың саны 30,7% — ға азайды. Пәтер ұрлықтары аз жасалды – шамамен 45%. Сонымен бірге олардың ізін кесу, қылмыс ашу көрсеткіштері артты. Мастықпен жасалған қылмыстар және бұрын сотталған қылмыскерлердің заңсыз әдетке оралуы айтарлықтай азайған. Жасөспірімдер қылмысы мен балалардың өздеріне қатысты қылмыстардың деңгейі төмендеді. Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар үлесі 40% -ға жуықтап отыр. Мұның барлығы біз жүргізіп жатқан алдын алу жұмыстарына тікелей байланысты. Оның нәтижелері жолдарда да байқалады. Апаттылықтың төмендеуі байқалады – жол-көлік оқиғаларының, жараланғандардың және оларда қаза болғандардың саны азайды", — деді Б.Аймағамбетов.
Биыл қылмыстың көптеген түрі бойынша, оның ішінде мүліктік сипаттағы қылмыстардың ашылуы жақсарды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарынан қарақшылық, ауыр бопсалау, бұзақылық және көлік айдап әкету қылмыстарының анықталу деңгейі 100% — ға жетті. Кісі өлтірудің ашылуы 90% — дан асады , ал денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстың ашылуы 100%-ға тең. Биыл есірткі саудасының алдын алу көрсеткіші артты. Заңсыз айналымнан 500 келіден астам есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткі тәркіленді.
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру шеңберінде қылмыстық істердің 85%-ы электрондық форматта тергеліп жатыр. Бұл үшін облыстың тергеу және анықтау бөлімшелері қажетті техникамен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. 
Бекет Аймағамбетов барлық қол жеткізілген нәтижелер полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінуінің арқасы екенін сөз етті. Биыл сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны үш есеге қысқарды. Ішкі істер органдарының беделін түсіргені үшін 28 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Осы кезеңнің ерекшелігіне қарамастан, облыс полициясының жеке құрамы қойылған міндеттерді абыроймен атқарды.  Азаматтар көбінесе көмек көрсеткені және қылмыстарды ашқаны үшін ізін суытпай алғыстарын жолдады. Өткен жылдың өзінде екі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 500-ден астам қылмысты ашып, 100 көлік жүргізушісіне көмек көрсетті.

462b74b7-9190-417c-b31e-3d4f9a337e36

Облыс әкіміне жеке құрамнан келіп түскен мәселелердің ішінде жаңа тірек бекеттерінің қажеттілігі жеткізілді. Қостанай қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Талғат Жүсіпов жаңа шағын аудандар салынып, қаланың қанат жайып келе жатқанын атап өтті.
"Қадамдық қолжетімділік полициясы" Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген бағытты іске асыру үшін жаңа құрылыстардағы учаскелік полиция бекеттері үшін үй-жайларды бақылуға алу қажет деп санаймыз. Бүгінгі таңда Қостанай қаласында полицияның кемінде бес тірек пункті қажет. Бұлар Қонай кентінде, Әуежай, Береке шағын аудандарында,Орталық базарда, Дружба ауылында орнатылса, игі болар еді", — деді ол. 
Облыс әкімі бұл мәселені бақылауға алатынын айтты. Жақын арада қаланың жаңа құрылыс алаңдары маңында пайда болатын тірек бекеттерінің түрлері таңдалады. 
Кездесу соңында патрульдік полиция қызметкері Бағдат Бейсенов өңір басшысына ішкі істер органдарының қызметкерлерін қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓