Теріскейдегі елдің де тілегі бар дейді қарабалықтық ағайын

Қарабалық ауданы-ежелден қоңсылас қос мемлекет-Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Қойнауы қазынаға толы, даласына құт дарыған өңір. Бұл маңнан қазақ өнері мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан талай саңлақ түлеп ұшты. Солардың бірі – "Қостанай таңы" газетінің ең алғашқы редакторы Мұхамеджан Сералин осы өңірдің тумасы. Сондықтан болар, облыстағы қазақ басылымдарының қара шаңырағы – "Қостанай таңы" газетінің ұжымын қарабалықтық оқырмандар ыстық ықыласпен қарсы алды.
IMG_3284цвАманғали Төлебаев, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары: Сіздерді қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби журналист Мұхамеджан Сералин туған Қарабалық жерінде қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Соңғы жылдары бәріміз сүйіп оқитын "Қостанай таңы" газеті тың өзгерістерге толы. Ол қоғамдағы түрлі мәселелерді қамтып, оқырмандарға жедел түрде ұсынуымен ерекше. Біз облыстық газет бетінен өзімізге қажетті дүниелерді тауып оқып, солардан белгілі бір деңгейде тағылым алып отырамыз. Алдағы уақытта да халық мүддесін көздеген материалдар жаза берулеріңізге тілектеспін!
IMG_3329цвҚайырхан Әлмұхамедов, зейнеткер:  Менің сіздерге айтар мынадай базынам бар: мәселен, "Қостанай таңы" газетінің кемінде үш бетін Жанкелдин, Аманкелді аудандары мен Арқалық қаласына арнайсыздар. Бұдан былай Федоров, Қарабалық ауданындарында бір тілші ұстау ойларыңыз жоқ па? Біздің ауданда да жазатын дүние өте көп. Соған назар аударсаңыздар екен.
IMG_3353цвМайра Әбдірахманова, №3 Қарабалық орта мектебінің мұғалімі: "Мен өзі "Өрнек" ауылында туып-өстім, сол жерден мектеп бітірдім. "Қостанай таңын" бала жастан оқып өстік. Өйткені, менің туыс ағайым Мырзалы Оңайбаевтың әңгімелері газетте жиі басылып тұратын. Кейін ол кісі "Қостанай таңына" ауысты. Газеттеріңіз өте мазмұнды. Тек алдағы уақытта мұғалімдер мен жастар тақырыбын жиірек жазсаңыздар екен. Сонда мына отырған жастардың бәрі газетті жаздырып алуға ұмтылар еді.
IMG_3330цв-1Болат Әлмұхамбетов, Бөрлі ауылының тұрғыны: Спорт тақырыбын кеңінен қамтысаңыздар екен. Олай дейті-нім, "Қостанай таңында" спорт туралы қысқа хабарлармен ға-на шектеліп жүрсіздер. Екіншіден, Қостанай өңірінде туып-өскен батыр, билер, жалпы ертедегі атақты адамдар туралы көбірек жазсаңыздар деген ұсыныс айтқым келеді. Өзім "Қостанай таңын" жаздырып аламын. Газеттің әрбір санын асыға күтеміз.
IMG_3360цвСерікбай Құсайынов, зейнеткер: Менің аталас туы-сым Хасен Өзденбаев Бейімбет Майлинмен бірге қызметтес  болған кісі. Есімі  неліктен  атаусыз қалды? Сол кісі туралы жарияласаңыздар екен. Екінші бір сұрағым, Маңдай батырға қатысты. Біздің оқып-білуімізше, Маңдай батыр Мағынайдан 18 шақырым жерде жерленген екен. Соған орыстардың тілі келмей Мағынай деп кеткен екен. Осыны бір зерттеп,  газетке жазсаңыздаршы.
IMG_3369цвАсылбек Өтешев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Менің білуімше, облыстық "Қостанай таңы" газетінің ұжымы ауданға бірінші рет келіп отыр. Жаңа ғана оқырмандар айтып кетті, жалпы, газет жұрттың көңілінен шығады. Көптеген мәселелер көтеріліп жүр. Тек оңтүстік аудандар туралы материалдар жиі шығады. Мүмкін бұл біздің ауданда оқырмандардың аздығынан болар.Осы кездесуден кейін газетке жазылушылардың саны артады деп есептеймін.
IMG_3335цвСәния Қабылова, зейнеткер: Менің алдымдағы кісілер-дің  бірі  өзінің  сынын айтып жатыр, енді бірі ұсынысын жет-кізді. Ал, мен Сіздерге мақтау айтқым келеді. Мен газеттің байырғы оқырмандарының бі-рімін. Олай дейтінім басылымды сексен алтыншы жылдардан бері жаздырып аламын. Жанұзақ Аязбекұлы Сіз келгелі газеттің  дизаині  өзгерді. Жарияланып жатқан мақалалар да өте қызғылықты. Яғни, бұ-рынғы "Қостанай таңы" мен бү-гінгі газеттің арасы жер мен көк-тей деп батыл айта аламын.
IMG_3364цвҚуантай Сәтбаев, зейнеткер: Газет солтүстік өңірлерге көбірек көңіл бөліп, Қарабалық ауданының тарихы туралы, ауданның өткені мен қазіргі елім деп еңіреп жүрген азаматтары туралы жазып тұрса, ұлттық намысты қамшылайтын мақалалар басып отырса екен.
IMG_3363цвҚайнолла Тауасаров, зейнеткер: Тіл жөнінде көптеген мәселелер көтеріліп жүр. Әйткенмен, оның алға басуы өте қиын боп тұр. Қазақ мектебінде оқитын балалардың өзі мектепте өзара орысша сөйлейді. Ондай жағдай еліміздің барлық өңіріне тән. Сондықтан, осы мәселені көтеріп, журналистер мектепті жағдайға араласып, біліп жүрсе деймін. Сосын газетте сын материалдар өте аз. Осыны жолға қойсаңыздар екен. Өткенде зейнетақы туралы  мәселе  көтерілді.Тағы бір мәселе, елден шыққан азаматтар жәйлі жиірек жазсаңыздар құба-құп болар еді.
  IMG_3403цвҚарабалықтық оқырмандардың жолдаған сауалдарына  газеттің  Бас  редакторы Ж.Аязбеков нақты әрі тұщымды жауап берді. Редакция тарапына ұсынылған пікірлер, талап-тілектер түгел ескеріледі деді ол.
Кездесу соңында Қарабалық ауданында да "Қостанай таңы" газетінің жанашырлар клубы құрылып, оның төрағалығына аудандық мәслихаттың хатшысы, елге танымал азамат Елубай Аманжолов тағайындалды. Сондай-ақ, Қарабалық ауданының құрметті азаматы Көркем Айтбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылбек Өтешев және зейнеткер Серікбай Құсайынов ақсақал бұдан былай облыстық газеттің таралуына септігін тигізбек.  Аттары  аталған  азаматтарға редакцияның Алғыс хаттары мен арнайы куәліктер табыс етілді.
 Ал газеттің жас тілшісі куәлі-гіне № 3 Қарабалық орта мектебінің оқушылары Жанар Шандәулетова, Ержігіт Оралбеков, Алмат Бисеновтер ие болды. Оларға облыстық "Қостанай таңы" газетінің куәліктері мен арнайы сыйлықтары берілді.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
 Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓