Мерекедегі қуаныш

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жітіқара қаласының 4 шағын ауданындағы үйдің кілттерін табыс етті. Жаңа қоныстанушылардың қуанышында шек жоқ.
Бес қабатты 80 пәтерлі үй ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Үй салу кезінде 121 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 68 адам халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды. Ал үй салу кезінде жергілікті қамту үлесі 96,6%-ды құрады.
– Бүгін біз үшін өте маңызды, көптен күткен күн. Оның үстіне, біз өз үйіміздің кілтін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінде алып отырмыз. Бұрын жалдамалы пәтерде тұрғанбыз.Бұл біз үшін үлкен сый болды, — дейді көпбалалы ана Айслу Ақтаева.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Федоров ауылында 4 және 24 пәтерлі тұрғын үйлер салынған болатын. Мереке күні кезекте тұрған көп балалы, әлеуметтік осал және жетім балалар санатындағы тағы 28 отбасыға кілттер табыс етілді.
Сонымен қатар Денисов ауылында 20 пәтерлі үй салынды, оның кілттері көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, дәрігерлерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне және кезекте тұрғандарға берілді.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қостанай облысында 328,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3 мыңнан астам пәтер. Жыл соңына дейін тағы 51 мың шаршы метр пайдалануға берілмек. 
WhatsApp Image 2020-12-17 at 16.27.38 (1) WhatsApp Image 2020-12-17 at 16.27.38 WhatsApp Image 2020-12-17 at 16.27.39 (1) WhatsApp Image 2020-12-17 at 16.27.39
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓