Динара Шүкіжанова: «Жаңа орталық – зор мүмкіндіктер алаңы»

27 мың шаршы метр; өнімділігі жоғары заманауи станоктары және металл дайындауға, кесуге, июге, пластик бөлшектер, электрлік бұраулар және басқаларды өндіретін технологиялық автоматтандырылған желілер; оқу орталығы, жатақхана, сондай-ақ мың шақты жұмыс орны…  "АгромашХолдингKZ" АҚ бірінші вице-президенті Динара Шүкіжанова мәлімдегендей, бірегей жобаны іске асыру отандық ауыл шаруашылығы техникалары өндірісіне түбегейлі өзгеріс әкеледі, тіпті келе-бара импорттық алмасудан арылуға мүмкіндік ашылмақ.7c7e8290-2969-43bf-9cbd-4ffb67fc42d5
Вице-презмденттің айтуынша, Локализациялық орталық құру тосыннан туындаған идея емес – бұл компанияны стратегиялық дамыту кезеңдерінің бірі, сондықтан бұл ұзақ мерзім пысықталды, жүйеленді, келісіп-пішілді, тыянақты ойластырылды. mqdefault022486ef-544d-44a5-9df0-67949c6d1860
"Ірі торапты құарстырумен айналысу біздің жоспарымызға кірмеген еді, — дейді Динара Шүкіжанова. — Осыған байланысты, біріншіден, бізге іргемізді кеңейту керек екенін, екіншіден, оқшаулауды тереңдету қажеттігін түсіндік. Бұған қоса, біздің компания мен ҚР Индустрия жіне инфрақұрылымдық даму министрлігі арасындағы келісімшарт аясында өндіруші ретінде орындауымыз қажет бірқатар операция бар. Сондықтан Локализациялық орталық құру шешімі қабылданды. Біз көп жетістікке қол жеткіземіз деп ойлаймын, онысыз да қызметкерлеріміз орасан зор жұмыс атқарды, орталықта біздің мамандарды өнімділігі жоғары су жаңа құрылғылар күтіп тұр, демек, көкжиегіміз барған сайын кеңи түседі. Бүгінгі таңда шығырлы-өкшелік домалатқыштарды, дөңгелек күпшектерін, қақпақ, корпус, кронштейндер, комбайн бөлшектерін, "Lovol" және "Кировец" тракторларына арналған қарсы салмақтағыштарын өзіміз құюдамыз. Мұның сыртында, "Кировецке" арналған қанат, газ шығару түтігінің қорғаныш қаптамасы, аккумулятор батареясының қақпағы арналған бірқатар пластик бөлшек компоненттерін шығарамыз, таяу уақытта пластиктен жасалған капот және өзге де құрамдас бөлшектер өндіретін боламыз. Аталған орталық ашылысымен біз көрсететін қызмет қатары еселеп өседі".6b572a24-5b85-4d0f-b56e-10efc317e2c8
Әуел баста идея Локализациялық орталық ашумен ғана шектеліпті, бірақ әр жыл сайын жоба жетіле түсті, оған жаңа жоспарлар қосыла берді. Енді орталықтың 3,7 мың шаршы метрлік кеңсе бөлмелерімен, оқу орталығымен, 100 орындық жатақханамен іргесі кеңейіп, тұтас аумағы сыртқы күзетпен жарақтанады. Әрине, орталыққа газ, су құбырлары жүргізіліп, темір жол және тасжол төселеді.
"Локализациялау орталығы қазақстандық барлық кәсіпорындардың "өндірілетін техниканы өнеркәсіптік құрастыру туралы" келісімдерін орындауына қолайлы жағдай жасайды деп есептейміз, — дейді АҚ бірінші вице-президенті. — Цехтарда Қазақстандағы барлық өндірушілер үшін міндетті болып табылатын бөлшектер мен тораптарды шығару жоспарланып отыр және әрбір машина жасау кәсіпорны жеке-дара игеру экономикалық тұрғыдан тиімсіздікке әкелетін өндірістерді игеру көзделуде. Мәселен, кабинаны дәнекерлеу және сырлау құрылғылары қымбат тұрады. Өндірілген өнім өзіндік құн тұрғысынан бәсекеге қабілеттіә болуы үшін құрылғы жыл бойы кем дегенде екі ауысымды режимде жұмыс істеуі керек. Автомобиль саласының компоненттерін өндіру бағытындағы жағдай да осыған ұқсас".562774ef-df89-41e2-ad7f-091dec8735b6
Дегенмен, жоспарлар мен мақсаттар зауыт маңайымен шектеліп отырған жоқ.  Отандық өндірісті жаңа деңгейге көтеру, оны кадрлар үшін де, клиенттер үшін де тартымды ету, сол арқылы өнеркәсіпті жандандыру – бұл холдингтің бүгінгі таңдағы басты мақсаты. Өндірушінің пікірінше, "АгромашХолдингKZ" АҚ түбегейлі өзгерту қажет көптеген тұсын тап басып отыр.
"Өндіруші көзқарасымен қарасақ, біз қазіргі уақытта өнеркәсіпті дамыту қорының тамаша лизингтік бағдарламалары бар екенін айтамыз, — дейді Динара Шүкіжанова. — 2020 жылы біз берілген қаражат көлемі жетіспей қалды. Осыған байланысты, әрине, аталмыш баңдарламаны кеңітуді қалаймыз, проценттік мөлшерлеменің төмен болғанын қалаймыз, мәселен, ол 6% болса, қуанар едік, отандық өндірістің техникасын сатып алған фермерлер мен шаруалар үшін 4% мөлшерлеме қолданылған, ҚР аумағында өндірілетін аспалы және тіркеме техника да жеңілдік лизинг бағдарламасына қатысқанын қалаймыз. Идеямыз да қалау-тілегіміз де көп.  Отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге арналған жеке бағдарлама болса дейсің, өйткені бүгінгі күні импорттаушылар да, өндірушілер де субсидияларды бірдей алады, ал біріншісі екіншісінен ақша массасы жағынан жоғарырақ субсидия алады. Қазақстанда өнеркәсіптік университет құрылса, қуанышты болар едік, біздің базамызда корпоративтік университет бар, онда қостанайлық зауыт қызметкерлерін оқытады, егер осындай мекеме республикалық деңгейде ашылған болса, бұл көп нәрсені өзгерткен болар еді. Кадрларды даярлау және жұмысқа тарту – бүгінгі маңызды міндет. Әлеуметтік сәт те маңызды, өндірісте жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы бағдарламалар, мәселен, ипотека үшін кейбір жеңілдіктер қажет, бұл өте тартымды, содан кейін адамдар зауытқа барар еді. Біз өнеркәсіпті жандандыруымыз керек. Сөзсіз, жауап ретінде біз жергіліктендіруді дамыту, технологиялық техника мен жаңа жұмыс орындарын құру сияқты қарсы міндеттемелерді атқаруға дайынбыз. Бұл үшін өзара тиімді шарттар қажет".bdb1742e-ab04-4695-b919-ff324d71f78d
"АгромашХолдинг KZ" АҚ вице-президентінің айтуынша, жаңа Локализациялық орталықты ашқан кездегі алғашқы кезектегі міндет ел ішіндегі сұранысты қанағаттандыру болмақ, содан кейін ғана экспортқа кезек беріледі. Бүгінгі таңда монтаж-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оны осы жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделіп отыр.
 
Ақпарат үшін:
"АгромашХолдинг KZ" АҚ кез келген компонент өндірушілерді әріптестікке шақырады. Мұнда өндірісті орналастыру үшін өте тиімді жағдай жасауға және ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлік өндірушілер үшін өз өнімдерін сатылымға қоюға мүмкіндік тудыруға дайын. Компания бұл қызметтерді барлық қазақстандық кәсіпорындарға көрсетеді. Қазірдің өзінде "СемАЗ" (МТЗ тракторлары) ЖШС, "КАИК" (МТЗ тракторлары) ЖШС, "КТЗ" ("Кировец" тракторлары) ЖШС, "Вектор KZ" ("Вектор", "Акрос" астық жинау комбайндары) ЖШС қызығушылық танытты. Сондай-ақ бүгіінгі таңда немістің "CLAAS" машина құрау компаниясы өкілдерімен қызметтестік мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұларға қоса, "СарыаркаАвтоПром" ЖШС-де өндірілетін жеңіл көліктерге және жүк көліктерінің компоненттерінің жартысы өндірілетін болады.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓