Санаулы күндер қалды

Жақында Қостанайда бокс мектебі ашылады. dc7030e54701e06ea4e2fcaa0d0fdfc4«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Гашек көшесіндегі бұрынғы картинг-орталықты қайта құру жүріп жатыр. Құрылысшылардың айтуынша, қазір бокс мектебінде жұмыс 90%-ке аяқталған. Аумақты абаттандыру және тренажерлер мен сантехниканы орнату да тәмамдалып қалды. Нысанды қараша айының соңында тапсыру жоспарланған.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жаңа бокс мектебі шамамен 60 адамға есептелген. Жаңа нысан Гашек көшесіндегі жағалаудың жанындағы бұрынғы картинг орталығының ғимаратына орналастырылады. 240 млн теңге жұмсалған құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қараша айының соңында бокс мектебі спортшыларды қабылдай бастайды.
Шілде айынан бастап мемлекеттік бағдарлама ережелеріне сәйкес мұнда 72 адам еңбек етеді.  Олар қысқа мерзімде ғимараттың екі қабатын бокс негіздерін оқытатын объект ретінде пайдалауға бермек.
«Ғимарат екі қабатты. Онда душ бөлмесіне арналған бөлмелер толығымен қалпына келтірілді. Инженерлік коммуникациялар бойынша да көп жұмыстар атқарылды»,- деді Қостанай әкімдігі құрылыс бөлімінің бас маманы Серік Бекқалиев.
Енді ғимаратта буфет, киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, тіпті сауна да болады, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған санитариялық торап та қарастырылған. Жабдықтардың  бәрі заманауи.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓