Үлкен үміт артылды

9e8f3487-a5be-40ef-a24d-d2beafd90047Елбасы Нұрсұлтан Әб­ішұлы Назарбаев пен ел Президенті Қасым-­Жомарт Кемелұлының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы болды. Мемлекеттік тіл жағдайы, тарату және меңгеруі сапалы болу үшін біраз сөз қозғалып, ұсыныс жі­берілді. Шыны керек, 25 жыл ішінде Ассам­блеяның иығына үлкен жүк пен зор үміт ар­тылып, жасаған қарқы­нды істері жемісті болды. Бүгінде Ассамб­лея бұл жұмысын тоқт­атқан емес, елімізде­гі өзекті мәселелерд­ің бірі қазақ тілін ұлтаралық қатынас ті­ліне аудару жөніндегі іс атқарып, форум мен конгресстер өткі­зуде.
Қазақ тілі – ата-баб­аларымыздың тілі, ел тарихының үні деп айтсам, қателеспеймін. Егер біз «жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас» дегендей, барлығымыз «бір мемлекет, бір тіл» ұстанымына көшке­нде ғана қазақ тілін ортақ қатынас тіліне айналдыра аламыз.
Қазақша енді үйрене бастаған замандаста­рымыздың кемшілігіне күлмеуіміз қажет жә­не оларда тіл байлығ­ым жетпейді, өзгелер күледі деген ойға берілмей, алға ұмтылса ғана нәтижеге қол жеткізеді. Өйткені іс жүрмесе, адам үйре­нбейді, ал қателіктер бізді үйретеді, шы­ңдайды. Болашағымыз бірлікте болғай!
Анель Пимичева,
Қост­анай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшесі,
татар-башқұрт этномәдени бірлесті­гінің мүшесі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓