Елдің батасына кенелген

11 қарашада дүниежүзі офтальмологтар күнін атап өтеді. Бұл айтулы дата біздің елдің көз дәрігерлері үшін де маңызды күн. Әйтсе де 2-дәрежелі дәрігер-офтальмолог Тілеген Оспанов үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Өйткені, күн сайын оның алдына келіп, емделушілер көп. Кейде уақыты тапшы. de20b18d-b634-4c7a-be90-74c2eacd2740«Бізге түсіп жататын сырқаттардың 95%-і катарактаға шалдыққан. Көз ауруының бұл түрі елімізде кең таралған. Көп адам күнделікті күйбеңмен жүріп дертін асқындырып алады. Әсіресе, үлкендер жағы бұған аса мән бере бермейді. Көз адамның шамшырағы. Оны дер кезінде қаратпса, оның арты суқараңғылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Біз қазір күніне он-он бес адамға ота жасаймыз. Қазір технологияның дамыған заманы. Біздің ауруханада отаның дені 2012 жылдан бері әлемдік қолданыстағы заманауи технологиямен жасалады. Бұл өте ыңғайлы»,-дейді дәрігер.
Тілеген Денисов ауданының тумасы. Ол 2009 жылы Қарағанды медициналық университетін бітіріп, арнайы жолдамамен Қостанай көз ауруларын емдейтін ауруханаға келіп орналасты. Содан бері мыңнан астам ота жасаған. Жұрт Тілегенді қолы жеңіл дәрігер деп біледі. 2c3e5440-1802-42ff-bf95-c004027d4bb0«Әкем дәрігер болған. Сол кісінің жолын қуып, мен де  дертіне шипа іздеген жандарға қол ұшымды бергім келді. Мектепте оқып жүргенде қайда оқуға түсесің деп сұрайтын. Мен бірден дәрігер болатындығымды айттым. Арманым алдаған жоқ»,-дейді Тілеген Ғауезханұлы. Бүгінде Тілеген Оспанов Қостанай медицинасындағы мақтаулы мамандардың бірі. Оның болашағы зор дейді әріптестері. Ол 2 дәрежелі офтальмолог-дәрігер ретінде алдына кеңес сұрап келетін жандардан көмегін аяған емес.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓