Аудандағы ауқымды істер

Қостанай ауданында кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жансұлтан Таукенов айтып берді.
_DSC1199Әкімнің айтуынша, қазіргі жағдайға байланысты шектеу шараларының өзі кәсіпкерлердің істеріне айтарлықтай әсер етпеген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа инвестициялық жобалар іске қосылып, жұмыс орындары ашылған.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осы жылдың 9 айында Қостанай ауданында 1 млрд теңгеге 26 жобаға несие берілді. Мысалы, қостанайлық бизнесмен «авто бала күтуші – баланы автокөлікпен алып жүру» жобасын жасауға грант ұтып алған. Мұнда несиелер көбіне жүк тасымалы, көкөніс өсіру, сауданы дамыту және жиһаз өндірісі бойынша қызметті кеңейтуге берілгенін айтады аудан әкімі. Сонымен қатар, Қостанай ауданында кәсіпкерлікті қолдаудың облыстық картасына енген жобалар жүзеге асырылуда. Жуков ауылында бройлер етін өндіретін агроөнеркәсіптік кешен, Садовой ауылында сүт фермасы және сүт өңдеу және ірімшік өндіру цехы салынып жатыр. Ал, Тобыл қаласында осы жылдың соңына қарай қоқысты сұрыптау кешені іске қосылады.
Болашақ инвестициялық жобаларға келсек, 2022 жылы Ульянов ауылдық округінде құс шаруашылығы қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның құны  – 450 млн теңге, ал 2030 жылға қарай Тобыл қаласында қуаты жылына 360 мың тонна ет өндіретін және малды қолдан ұрықтандыратын кәсіпорын іске қосылуы тиіс. Оның бағасы – 1 млрд теңгеге жуық. Ал 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жел электр станциясы өз жұмысын бастайды. Мұнда жұмыстар 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді, генераторларының қажетті бөліктері Ресей Федерациясы мен Қытайдан әкелініп қойылған.
«Қазір «Жел электрик» ЖШС жұмысын бастап кеткен. Жоба 18,7 млрд теңге деп бағаланған. Бүгінде жел станциясында іргетастар орнатылып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін аяқтау жоспарланған», — деді Жансұлтан Таукенов.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Қостанай ауданында жылқы өсіру, майлы дақылдар, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымдарын өсіру, ұн тарту, жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру бойынша тоғыз жоба қаржыландырылған. Оларға жалпы көлемі 1,5 млрд теңге берілген. Өтінімдерді қабылдау әлі жалғасуда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қостанай ауданына 28 нысанды іске асыруға 4,3 млрд теңге бөлінген.
«Білім беру саласында 4 күрделі жөндеу және 2 ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,3 млрд теңге қаралды. Екі мәдениет ошағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған жалпы сомасы 111,2 млн теңге жұмсалды. Ал спорт саласында Заречный ауылында 71,5 млн теңгеге стадион салынды. ТКШ саласында жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге 19 объектіде жұмыстар жүргізілді», — деп баяндады аудан әкімі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓