Аурухана бөлімшелері карантинге жабылды

Жітіқара аудандық ауруханасының көпбейінді терапевтік және хирургиялық бөлімшелері екі апталық карантинге жабылды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.5e94c70c46ca1829158656
Бөлімшелер Жітіқара ауданының бас санитарлық дәрігері А.Аңсағаевтың қаулысы бойынша қарашаның 4-нен 19-на дейін жабылды. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус инфекциясын жұқтырған аурухана қызметкерлерінің және пациенттердің санының артуы себеп болған. Нақтырақ айтқанда, бір ай ішінде 15 қызметкерден және 3 пациенттен кесел анықталғандықтан, бұл бөлімшелерге уақытша құлып салуға тура келіп отыр. Әйткенмен, қабылдау бөлімшесі, инфекциялық бөлімше және туу бөлімшесі жұмысын жалғастыра береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓