Әкімдер рейтингі: А.Мұхамбетов үздік бестікте

"Топ пресс" ақпараттық агенттігі әдеттегідей облыс әкімдерінің айлық рейтингін жариялады. Қыркүйек айындағы рейтингте коронавирус індетінің ықтимал екінші толқынына өңірлердің әзірлік деңгейі басты назарға алынған. Бұл жолғы сараптамада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов үздік бестіктің қатарынан көрінді.Архимед1
"Архимед Мұхамбетов ел әкімдерінің рейтингінде көшбасшылық тізгінін уысынан босатпай ұстап келеді, — деп жазады сарапшылар. — Әкімнің қатаңдау және іскерлік стилін, бәлкім, қолай көре қоймағандықтан, жергілікті кейбір элита өкілдері мен өнеркәсіптік топтың белсенді қарсы әрекеттеріне қарамастан, Мұхамбетов өз бастамаларын ілгері бастырып, облыстың экономикалық дамуы жолында табысты жұмыс істеуде. Қостанай облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып келеді. Жалпы өнім көлемі 905 млрд теңге, ал агросектордағы жиынтық өнім ауқымы 170 млрд теңгеге тең болды".
Сондай-ақ, рейтинг талдамасында өңіріміздің даму драйвері көлік құрастыру саласы екені тағы да есепке алыныпты. Бұл саланың табысы 222 млрд теңгеге өскені айтылады. Ал азық-түлік өндірісі өсімін шотқа салған сарапшылар саланың жемістілігі 152 млрд теңгеге жеткенін жариялап отыр.
"Облыс басшылығы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыта түсуге барынша екпін салуды жоспарлап отыр. Өндіруші секторда темір рудасы мен асбест кен орындарын игеру еселене түспек. Жалпы, облыста көлік құрылысына, азық-түлік, бидай, ет және сүт өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отыр", — делінеді талдамада.
Қыркүйекте облыста жаңа өндіріс орындары ашылды. Асқар Мамин мен Татарстан Республикасының (РФ) басшысы Рустам Минниханов жалпы құны 261 млрд теңге болатын шойын құймасы және "КАМАЗ" жүк көлігінің бөлшектерін өндіретін зауыттар құрылысын ашқан болатын. Осы оқиғалар да рейтинг құрушылардың назарынан тыс қалмаған.
Ең елеулісі – облыстың коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындығына берілген баға. Сарапшылар өңірде 200 орындық заманауи инфекциялық госпиталь салынғанын атап өтті. Медициналық кластердің 100-ден астам су жаңа жедел жәрдем көлігімен толыққанын үздік нәтижеге балап отыр. Сондай-ақ, рейтингшілер медициналық мекемелердің жалпы саны 2050 тыныс алу аппараты, оттегі концентраттарымен қамтылуын да ілкімді шаралар қатарына қосқан.65166square1599632340392-1
Айта кетейік, рейтинг басынан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, 2-сатыдан ШҚО әкімі Даниял Ахметов көрінді. 3-тұғырға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек лайық деп танылса, 4-орынға Ақмола облысының басшысы Ермек Маржықбаев орналасқан. Рейтингтің ең төменгі сатысынан ірге тепкен аутсайдерлер – Өмірзақ Шүкеев (Түркістан), Махамбет Досмұхамбетов (Атырау), Ғали Есқалиев (БҚО), Серікбай Трумов (Маңғыстау).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓