2 мың тонна қор дайындалды

Қостанай облысының Өңірлік тұрақтандыру қоры бірнеше айға жететін азық-түлік қорын дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.images
Өңірлік тұрақтандыру қорының өкілі Ғизат Қаленовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын тұрақты ұстау облыста кешенді шаралар жүргізілуде. Жалпы, облыстың тұрақтандыру қорында халық күнделікті тұтынатын, әлеуметтік маңызға ие 2 мың тонна азық-түлік қоры дайындалды.
«Оның ішінде 181 тонна қант, 460 тонна жұмыртқа, 19 тонна күріш, 280 тонна макарон өнімдері, 100 тонна картоп, 420 тонна сәбіз, 294 тонна жуа, және басқа да ең қажетті тауар қоры сақтаулы. Бұл облыс қажеттілігін бірнеше айға қамтуға мүмкіндік береді. Көкөніс өнімдерінің жеткілікті көлемі сатып алынды. Сондықтан өнімнің осы түрінен тапшылық болмайды», — дейді Ғизат Қаленов.
Жалпы әлеуметтік маңызды деп танылған тауарлардың басым бөлігі Қостанай облысында өндіріледі. Қажетті өнім көлемі үнемі толықтырылып отырады. Тұрақтандыру қоры «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен келісімшарт аясында жыл аяғына дейін 5200 тонна ұн, 20 тонна қарақұмық жармасын сатып алмақ. Бұл мақсатқа 620 млн теңге жұмсалады.
Тұрақтандыру қорының мамандары дүкендерді аралап, азық-түліктің көлемі мен бағасына бақылау жүргізіп отырады.
Айта кетейік, осы жылдың 17 қазанында Қостанай қаласында күздің алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда ұсынылған өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болмақ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓