Жұмысын тоқтатуға мәжбүр

220 қызметкері бар «Агроинтерқұс» ЖШС құс фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы фабриканың баспасөз қызметі хабарлады.
unnamed (1)
– Қазақстан Республикасында жоғары патогенді құс тұмауының таралуына байланысты кәсіпорында құс жаппай қырылды. Құс фабрикасында қырылған тауықтардың жалпы саны – 502600. Қолданыстағы нормаларға сәйкес өлген құстарды жою үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шешім қабылдауы тиіс. Қазір құс фабрикасына келген шығын сомасы 554,7 млн теңгеге жетті. Кәсіпорынның қызметін қайта жалғастыру үшін кемі бір жыл әрі 1,5 миллиард теңге қажет, — дейді кәсіпорынның құрылтайшысы Александр Лоренц.
Айта кетейік, Арқалықтағы құс фабрикасы 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1992 жылы оның жұмысы уақытша тоқтатылып, 2008 жылы қайта ашылды.
«Агроинтерқұс» кәсіпорнында 220 адамға жұмыс істеп келген. Фабрика жылына 120 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып отырды. Құс фабрикасының қазіргі жайы не болмақ? Мемлекеттік органдардан әлі жауап жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓