ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ!

Мәдениет саласы мамандары, өнер майталмандары, үздік ұжымдар сынға түсетін республикалық "Рухани қазына-2020" фестивалі аяқталды. Дәстүрлі додада елдің әр түкпірінің музейлері, кітапханалары, мәдениет үйлері және клубтар және жекелеген қызметкерлердің онлайн режимде озаттары анықталды. Орталарында облысымыздың намысын сәтті қорғап, озық шыққан жерлестеріміз бар.2235a55a-dbe7-4dce-bf04-91c41cb49853
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаетың "Рухани жаңғыру" бағдарамасы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық "Рухани қазына" фестивалі өткен жылы қолға алынған еді. Кең ауқымды байқау биыл да жалғассыз қалған жоқ. Алайда елдегі ауыр ахуал үміткерлермен орта болтырып, жүзден жүйрікті жүзбе-жүз анықтауға мүмкіндік бермеді. Есесіне, 28-30 қыркүйек күндері фестиваль онлайн форматында өтіп, дүлдүл шығудан дәмелі барлық қатысушы экран сыртынан сынға алынып, жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Тобыл-Торғай өңірінің намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміз жетерлік. Осы орайда, айы оңынан туып, жеңіс тұғырынан көрінген қостанайлық үздіктермен оқырмандарымызды таныстыра кетуді жөн көреміз.c3dbb1fb-64c6-43fa-98fd-c0ae0ae81bc8
52bf33ff-9d05-413f-a253-d7133846a0ceҰжымдар арасында сынға түскен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өзге облыстардан озық шығып, «Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2020» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы Наурызым ауданы, Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлжазира Бірмағамбетоваға бұйырды. Тағы бір әріптесіміз – Қостанай облысы көркемөнерпаздарының халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының медиа бөлімі жетекшісі Қайрат Кулов "Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені қызметкері" аталымын жеңіп алды. Фестиваль ұсынған "Үздік қалалық мәдениет үйі, мәдениет сарайы қызметкері" атағына Арқалық қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова лайық деп танылса, Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, дарынды музыкант Рысжан Жүзбай "Мәдени-демалыс қызметіндегі "Жыл серпіні" марапатымен ардақталып отыр. Қазылар назарына ерекше ілігіп, "Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері" аталымын иеленген Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы Айжан Ерғазиева да жерлестерінің жүлде қорын еселей түсті.e51f8d72-b4f7-4ff9-8162-d0eb9a33e1e0
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 7 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы  Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ерекше сән-салтанатымен өтті.  Барлық үздікке 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.568d6e03-5f00-45fe-bfe9-7530eb541f7c
Біз де барлық жеңімпаз жерлестерімізді марапаттарымен құттықтап, шығармашылық шыңына шығандап, толайым табыстарға кенеле берулерін тілейміз!2010072320380441f

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓