Жапа шеккендерге жәрдем бар

Құс тұмауына байланысты облыс әкімінің қаулысымен карантин енгізілген елді мекендердің тұрғындарына өлген құстарына өтемақы төленеді. Бұл туралы облыстық Ветеринария басқармасы мамандары хабарлады.qus-tumawy-750x465
Құжаттарды жинап, өтемақы төлеуді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" мекемесінің Қостанайдағы филиалы жүзеге асырады. Өтемақы алуға қажетті құжаттар:
1. Ветеринарлық лабораторияның сараптама актісі;
2. Елді мекенге карантин белгіленгені туралы қаулы;
3. Құсты, өлексесін жою үшін алғаны туралы акті;
4. Құсты, өлексені жою үшін алу туралы қаулы;
5.Құстың жойылғаны туралы акті;
6. Құстың орташа айлық нарықтық құны туралы акті;
7. Ауылдық округ әкімдігінің сізде құс бар екендігі туралы анықтама;
8. Құс иесінің "Қазпошта" АҚ немесе Банкідегі жеке шоты.
Ескеретін жағдай, осы тізбедегі 7-ші мен 8-ші құжаттарды өтемақы алушы өзі жинауы керек. Қалғаны өтемақы төлеуші мекемеде бар. Сұрақтарыңыз болса, ауылдық әкімдікке хабарласыңыз.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓