Ұстаз – ұлағатты есім

с айт1Әр адамның өмірінде оның кәсіби өміріне, адамгершілік сипаты, патриоттық сезім мен дүниетанымының қалыптасуына елеулі, кейде шешуші де әсер ететін жандар болады. Көп жағдайларда мұндай рөлді біздің тәлімгерлеріміз, ұстаздарымыз атқарады.  Осы себептен де, бүгінгі қоғамның дамуындағы мұғалімнің рөлі өте маңызды болып отыр. Оған қоса, мұғалімдер – келешек ұрпақты тәрбиелеушілер.
Көптеген адамдар мұғалімді мектепте, университетте жұмыс істейтін ғана адам деп есептейді, бірақ іс жүзінде мұғалім — бұл бізге қоғамдық өмірге аяқ басуға көмек беретін, жаңа қызықты ғылымдар әлеміне есік ашатын адам. Мұғалім 11-12 жыл бойы дүние танымайтын кішкене балалардан, қадамын нық басатын, Отаның сүйетін, Отанына адал, әрі Отанына қызмет ете білетін азаматтарды өсіріп шығарады. Менің ойымша, бұл ең бастысы болып табылады, себебі, бала тұлға атану үшін біріншіден өзінің тарихын, елінің қалыптасу тарихын құрметтеу қажет. Тек өз елінің патриоты бола білетін азаматтар болашағына нық сенімді болады. Сонымен қатар, кішкентай кірпіштермен біздің жарқын болашағымызды құруға және өз-өзімізді тұлға ретінде тануға, қалыптастыруға көмектесетін бірде бір жан ұстаз. Ата-бабаларымыз ұстаз мамандығын өз кездерінде барлығынан жоғары қойып, осы мамандық иелерін жоғары құрметтеп, бағалаған. Енді ғана әлемнің түрлі-түсті бояуларын ажырата бастаған балаларды мұғалімдердің қолдарына тапсырған. Сол кішкентай болып келген балалардың келешекте елге сыйлы азамат болып өсуі сол ұстаздардың еңбегі болып әлі күнге дейін саналады. Осы себептен мұғалім жұмысы мақтау мен мадақтауларға лайық. Қазіргі әлемді қас-қағым уақытта жайлаған індеттің кесірінен ұстаздардың жұмысы одан да қауырт, одан да қиынға айналғаны шындық. Бүгінгі таңда мұғалімдерге артылған жауапкершілік пен сенім жүгі жеңіл емес. Мұғалім ретінде, мен өз оқушыларыма тек алғашқы әскери дайындық пәнін емес, оған қоса өзімнің өмірлік тәжірибемді айтып, балаларға кеңес беруге тырысамын. Себебі, мен үшін жақсы мұғалім ол тек қана өз саласын үйретіп қана қоймай, оқушыларға психологиялық көмек көрсетіп, олардың досы, кеңесшісі мен ақылшысы бола білу қажет. Осы еліміздің беделін асқақтатып, көк туын желбірететін жастардың білімі мен келешегі ұстаздар қолында болып отыр. Сондықтан да, қолда барда асылдың қадірін біліп, ұстаздарға алғыс білдіруіміз қажет.
Еліміздің басына түскен қиындыққа қарамастан барлығымыз бір болып, бұл уақытша қиындықты артта қалдырамыз деп сенемін. Ал ұстаздар болса өз оқушыларына әрқашан тек ең жақсысын  береді. Сол себептен, олар беріп жатқан білімді таразыға салудың қажеті жоқ. Білім сапасы жалақыға немесе мансапқа байланысты емес, мұғалімдер жүректеріндегі балаларға деген сүйіспеншілік пен оларға көмектесуге деген құлшыныс болуы. Осы себептен барлық ұстаздар өз жұмыстарын мүлтіксіз атқаруда. Сондықтан да, адал ұстаздардың еңбегінде күмәнданбай, оның орнына қолдау көрсету қажет. Білім деген терең және тұңғиық теңіз. Ал осы қиыр-шеті жоқ теңізде адаспай, межелеген орынға уақытылы жетуге біздің ұстаздар көмектесетінін ұмытпайық.
 

 

 
         Қ.ҚОЖАҒАЛИЕВ,
         Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ АӘ және
ТД оқытушы-ұйымдастырушы-мұғалім.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓