ОРАҚ НАУҚАНЫ МӘРЕГЕ ТАЯУ

Биыл Меңдіқара ауданында 235,3 мың га алқапқа дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары себілді. Ауа райы қолайлы болып, егін ерте жетілді. Дәнді күзгі жауынға қалдырмай дер уақытында жинау мақсатында, күзгі ораққа  580 комбайн мен 277 қоқыс жинайтын орақ жұмылдырылды. Нәтижесінде, 225,9 мың гектар алқаптағы дән орылып, меженің 96,3%-ы орындалған. Бидайдың орташа шығымдылығы – 12 ц/га. Мұның есесіне,  75,1 мың га алқапқа себілген  майлы дақылдардың  17,7 мың га, яғни, 23,6% ғана орақ тиіпті.208a6628-d1dc-408f-87a7-cff7278f65e1
Ауданға қарасты Долбушка ауылындағы "Егін" ЖШС директоры Марат Молдашевтің айтуынша, жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.c86ea4d9-dbcd-4dcb-8722-6f076969f73c
– Ауыл шаруашылығының кәдесіне бас-аяғы 3951,4 га жер жаратылып жатса, оның 3108 га алқабына дән себілді. Атап айтқанда, 2692 га егіс алаңының 2307 га дәнді және 385 га майлы дақылдар салынды. Бүгінде 1570 га алқаптағы дән жиналды, өнімділігі 11,4 ц/га құрайды. Шаруа қожалығында барлығы 48 адам жұмыс істейді. Негізінен бұл жергілікті тұрғындар, – дейді Марат  Молдашев.8a892393-7967-4519-a398-23913e7002b8
Күзгі орақтың мерзімінде аяқталуына жұмысшы қолының жеткіліктілігі, техниканың сай болуы септігін тигізген. Шаруа қожалығының 1 МТМ, 1 мұнай базасы, 20 тракторы мен 14 комбайны, 7 жүк көлігі бар екен. Сондай-ақ,  ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған 5 қойма бар. Қазіргі уақытта, бұл жердегі жиын-терім мәресіне жеткізілген, өнімді кептіріп, сақтау жұмыстары қолға алынған.
Әсел ҚИБАШ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓