Ғашықтық қашықтыққа қарамайды

Еуразиялық Топ – тіршілігі қайнаған ірі кеніштер мен шахталар, зауыт-фабрикалар, алып машиналар мен қуатты пештер ғана емес. Бұл – ең алдымен, өндірісте өз сыңарын тауып, тату-тәтті отбасы құрған мыңдаған «еуразиялықтардың» ыстық мекені. Ендеше, биыл ғана шаңырақ көтерген Мейірім Әділжан және Венера Сухановамен танысайық.attachment (1)
Жас жігіт Хромтаудағы Дөң кен-байыту комбинатының бұрынғы жұмыскері әрі танымал "жайдарманшының" бір болса, бойжеткен – ССКӨБ-тың волейболдан құрама командасының белді ойыншысы. Екеуін табыстырған оқиға –2018 жылы Рудныйда өткен ERG спартакиадасы.
– Барлығы кешегідей есімде. Мен сүйіктімді алғаш рет волейбол жарысында жолықтырдым. "Қазхромға" жанкүйер болып келген едім. Ол көптің ішінен сұңғақ бойымен әрі көріктілігімен көзге түсті. Бірден ұнатып қалдым. Ойыннан соң жақындап, аты-жөнін, тұрмыс құрған-құрмағанын сұрап алдым, – дейді Мейірім.
Спартакиаданың жабылу салтанатында ол Венерадан әзіл-шын аралас «Ақтөбеге келін болғың келмей ме?» деп, телефон нөмірін сұрап алады. Осылайша, виртуалдық қарым-қатынас басталады.attachment (3)
– Мирошты алғашында басқа қаладағы әріптесім ретінде көрдім. Өйткені ол Хромтауда, мен Рудныйда, басқа ой қайдан болсын? Уақыт өте арамыз жақындай түсті. Махаббат арақашықтыққа қарамайды екен. Күн сайын «WhatsApp» арқылы жазысып, бір-бірімізге деген махаббат сезімі оянды. Ал 2018 жылдың желтоқсанында сүйіктім арнайы Рудныйға келіп, отбасыммен танысты. Әрине, қазақы дәстүріміз бойынша бұл оғаш көрінуі мүмкін. Алайда қазіргі заманның талабы осындай, – дейді Венера.
Көп ұзамай екі жастың отбасы құру туралы ниеттерін үлкендер қабыл алып, ақ батасын береді. Мейірім мамандығы шахтер болған соң, Топтағы мансабын Рудныйдағы «Соколов» шахтасында жалғастыруды жөн санады.
– Мирош қай жерді көрсетсе, сол жер – менің үйім. «Ақтөбеге немесе басқа қалаға жүр» десе, еш ойланбастан барамын. Ол – сөздің емес, нақты істің адамы. Бір-бірімізді ерекше бағалаймыз, сыйлаймыз, – дейді Венера.
– Жұмысымды наурызда Рудныйға ауыстырдым. Сәуірде үйлену тойын өткізгіміз келген. Алайда карантиннің кесірінен ойымыз іске аспады. Шағын аяда «Сырға салу», «Беташар» дәстүрлерін өткізіп, естелікке фотосессия жасадық. Ал, 27 шілдеде некемізді заң органдарында ресми түрде тіркеп, алғашқы ұя – өз пәтерімізге көштік, – дейді отағасы.
Бүгінде қатарының алды болған жастар үлгілі отбасы ретінде де танылып жүр. Жұмыстан босаған әрбір сағатын думан-тойларда емес, үйде өткізгенді жақсы көреді. Екеуінің де спортқа жаны жақын. Болашақ жоспарлары мен армандары көп: бірнеше бала сүйіп, ата-аналарына қарасып, шетелге саяхат жасасақ дейді.attachment (4)
Ендеше, Отбасы күні қарсаңында екі жасқа зор бақыт, шынайы махаббат, асқақ армандарының іске асуын тілейміз.
Қуаныш Есқабыл

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓