Қостанайдағы Құрбан айт

IMG_3451сайтьҚостанайда жыл өткен сайын айт намазына жиналған мұсылмандар қарасы IMG_3475сафйткөбейіп келеді. Биыл да Марал ишан мешіті бауырларымызға лық толды.
Жұртшылық алдында облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрамұлы сөз сөйлеп, Құрбан айттың мәніне кеңінен тоқталды. Осы үш күндік мереке кезінде жүзеге асырылатын қайырымдылық, мейірімділік шаралар жөнінде де хабардар етті.
IMG_3470сайтЖылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов мешітке келіп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Олардың шаңырақтарына қуаныш пен табыс тіледі.
Айт намазынан кейін облыс әкімі бастаған бір топ азаматтардың атынан құрбандық IMG_3455сайтшалынды.
Осындай ұлық мерекеге арналған Құрбан айт намазы өңірдегі барлық деңгейдегі   мешіттерде өтті.
 
 
 
 
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Аноним:

    Керемет ақын! Сөз шебері! 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓