Аймақта қандай хабар бар?

Сырт елдені емес, тіркелгені маңызды
Облыста. Шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеу жалғасып жатыр. Атап айтқанда, облыста Армениядан әкелінген көліктер есепке алынып, көбі қайта жабдықталуда. Аталмыш елден алынған ақпаратқа сүйенсек, Қостанай облысына 763 көлік әкелінген. Соның қазіргі күні 438-і тіркеуге алынды, сондай-ақ 70-нің рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған.
 
Ыстық су келер күн алыс
Қостанай. Облыс орталығындағы КЖБИ шағын ауданы тұрғындарына ыстық суды әлі айға жақын уақыт күтулеріне тура келеді. Өйткені жылу магистралдарын жөндеу жұмыстары көпке созылар түрі бар. Жаздың жартысын жылы сусыз өткізген тұрғындар тілегі 1 қыркүйекте орындалуы тиіс болған. Бүгінде шағын ауданда 110 үй ыстық сусыз отыр.
 
Амбулатория жөндеуден өтеді
Б.Майлин. Тобыл кентіндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтеді. Бұған «Ауыл – Ел бесiгi» бағдарламасы бойынша 190 млн теңге бөлінген.Бүгінде нысан төбесі, жылу жүйесі ауыстырылып, инженерлік коммуникациясы жүргізілген. Ғимарат 35 жылдан кейін жөндеу көріп отыр. Жұмыстар қазан айында аяқталады.
 
Алаң барда алаңдау жоқ
Денисов. Аудан орталығында жаңа футбол алаңы пайда болды. Ол "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында барлық заманауи стандартпен салынды. Бұған республикалық бюджеттен 44 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылысымен қостанайлық "Агит" компаниясы айналысты. Жасанды көгалды алаң ауқымы — 6,4 мың шаршы метр. Жобаны іске асыру арқасында 13 жаңа жұмыс орны құрылды. Айта кетейік, ауданда жүзден астам бала футболмен шұғылданады.
 
Музейге тарту
Науырзым. Қарамеңді ауылының Сәулет Мыррзатаев тұрғыны Науырзым музейіне Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің  үлгісін сыйға тартты. Ол әйгілі нысандардың көшәрмелерін, ұлттық ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар жасаумен айналысады. Сәулет жергілікті музейге арнайы тарту жасауға былтыр уәде берген. Уәдесінде тұрды. Ұжым музей қорын байыта түскен сыйлығы үшін шеберге алғыс айтты.
 
Кемеңгерге құрмет
Амангелді. Ұлы Абайдың мерейтойы қарсаңында аудан орталығындағы ақын аттас көшеге көрнекі стелла орнатылды. Данышпанның өлеңінен үзінді жазылған тақтаның салтанатты ашылуына аудан әкімі қатысты. Ол осы көше жөндеуден өтіп, абаттандырылғанын, ал бұл ескерткіш көз тартар ерекше  нысанға айналатынын айтты. Ауыл ақсақалдары да сөз алып, Абай туралы тағылымды әңгіме қозғады. Ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
 
Пәтерден денесі табылды
Лисаков. Қаланың 1-шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің пәтерлерінің бірінен 67 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Мамандар денеде ыстықтан күю белгілері бар екенін айтады. Қайғылы жағдайдың жай-жапсарын анықтау үшін оқиа орнында ТЖБ және Полиция бөлімі қызметкерлері тергеу жүргізуде. Қажетті экспедиция тағайындалды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓