Жетім көрсең, жебей жүр

Жүрегіне иман ұялаған азаматтардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі қолдауға лайық іс. Жетімнің басын сипау ұлағатты сүннет. Халқымыз ежелден “жетім көрсең, жебей жүр” дегенді бекерге айтпаса керек.
Әулиекөл кентінде тұратын Шыңғысовтар отбасы аудан орталығындағы “Үміт” балалар мен жасөпірімдер баспанасына барып, мектеп жасындағы балаларға түрлі тәттілер мен оқу құралдарын табыс етті.
шынгысовтар
Жиырма орындық баспанада бүгінде облыстың әр өңірінен жеткізілген балалар тәрбиеленеді. Дені ата-анасы ащы суға салынып, қараусыз қалған жеткіншектер. Сондықтан олар да әкенің аялы алақаны мен ананың мейірін аңсайтыны анық.  Өмірге келмей жатып тағдыр тауқыметін тартқан бүлдіршіндер тосын қонақтардың тартуына мәз болып, оларға алғыстарын жаудырды.
дидарЕрлі-зайыпты Асхат Төлегенұлы пен Дидар Айбекқызы аудан орталығында тұратын еңбек ардагері Александр Хрипунның шаңырағына да бас сұғып, азық-түлік пакетін ұсынды. Александр Григорьевич отыз жыл автобус жүргізген. Осыдан төрт ай бұрын жары қайтыс болды. Ал, балалары Ресейде тұрады. Өзі жақында жамбасына ота жасатыпты. Жалғызілікті қария жас отбасына ризашылығын білдірді.
шынгысовтар3
-Біз өз отбасымыздың атынан мұқтаж жандарға сәл де болса көмек көрсетейік деп шештік. Тарту-таралғыларымызды таратуға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты  “Жастар ресурстық орталығының”  еріктілері жәрдемдесті,- дейді Дидар Айбекқызы.
Жас отбасы Әулиекөл ауданына былтыр қоныс аударды. Асхат Шыңғысов – аудандық мәдениет үйінде қызмет істейді. Талантты әнші 2019 жылы  меценаттар клубы тағайындаған “Шабыт” сыйлығының лауреаты атанды. Ал, Дидар Ибраева Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінде еңбек етеді.
Иә, біреуге жәрдем беріп, қайырымдылық таныту — адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Ал, қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Олай болса, қазіргідей қиын жағдайда аз да болса өз көмектерін көрсетіп жатқан жас отбасының бұл ісі көпке үлгі боларлықтай.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Аноним:

    ?жарайсыңдар.Көп жасаңдар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓