Бастысы – еңбектің бағалануы

ТалғатҚазіргідей жағдайда бизнеске, соның ішінде ауыл кәсіпкерлеріне қолдау ауадай қажет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында осы саладағы мәселелерге ерекше тоқталып: «…Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру керек», — деп атап өтті. Аталған ұйым азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарды жетілдіреді деп сенемін.
Рас, ақ адал малымыз бен өніміміз көп жерде арзан бағаланып жүр. Еңбегіміздің қызығын алыпсатарлар көріп жатқандай. Мемлекет басшысы үкіметке субсидия мен салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырды. Меніңше, бұл қадам мәселені шешуге үлкен көмегін тигізуге тиіс.
Сырттан инвестиция тарту қажет. Сондықтан, бос жатқан, бұрынырақта тиімсіз игерілген алқаптарды экономикалық айналымға енгізу үшін бағдарламалар қабылдануы мүмкін. Осы ретте менің қосатыным бар. Үкімет қаржы тарту үшін барлық жағдайды ойластыратыны анық, алайда, жалпақшешейлікке жол берілмесе дейміз. Шетелдіктерге жер сатылмайтынын президент тағы да еске салды.
Бизнес иелеріне ретсіз тексерістер де кедергі келтіретіні белгілі. Оның аяғы жемқорлыққа апарады. Осы мәселелерді қатаң бақылауға алу тапсырылып отыр. Жолдауда елді мекен тұрғындарын елең еткізген тағы бір жаңалық – ауыл әкімдерін сайлау. Оның барынша әділ әрі ашық түрде өтуі қамтамасыз етіледі деген үміттемін. Жан-жақты ойластырылса, бұл бастама да елдегі басқару жүйесін жетілдіруге септігін тигізері анық.
Талғат ӘМІРХАМЗИН,
кәсіпкер
Жанкелдин ауданы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓