Құт қонған ҚАРАБАЛЫҚ

Бүгін ауданда "Қостанай таңы" газетінің күндері басталады
Алмат Исмағұлов,
Қарабалық ауданының әкімі:
"Халықтың мүддесі бірінші кезекте тұруы тиіс"
алмат исмагуловҚарабалық ауданыҚостанай облысының солтүстік- батысында орналасқан, Челябі облысымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын автомобиль жолы және темір жолы өтеді. "Қайрақ" кеден бекеті елдің "солтүстік қақпасы" аталады.
 
– Қарабалық ауданы — өңір-дегі алдыңғы қатарлы аудан-дарының бірі. Оның қазіргі ахуалы, жетістіктері қандай?
– Оныңыз рас, облыс өңірлері-нің дамуын ай сайынғы градация-лау бойынша Қарабалық ауда-ны 5 орында тұр. Бұл үстіміздегі жылдағы сегіз айдың қортынды-сы көрсеткен мәлімет.
Егер, сандарды сөйлетер бол-сақ, онда өңірдегі өнеркәсіптік өндірістің көлемі 27%-ға немесе 1,9 млрд. теңгеге  өскенін байқау қиын емес. Әсіресе  тау-кен өнді-рісі жедел даму үстінде. Ауыл шаруашылығы саласында да іл-герілеу бар. Мәселен, осы бағыт-та өндірілген жалпы өнім 3 млрд. теңгеге жетті. Нақтырақ айтсам 2,8 мың тонна ет, 15 мың тонна сүт, 12 млн.дана жұмыртқа өнді-рілді. Ауданға инвестиция тарту мәселесінде де жетістіктеріміз жоқ емес. 2013 жылмен салыс-тырғанда биыл өңірге тартылған инвестиция көлемі төрт есеге ұлғайып, 2 млрд.теңгені құрады. Бұл қаржылар ауқымды жоба-ларға жұмсалды. Сондай-ақ, ау-данда 3,9 мың.ш.м тұрғын үй пай-далануға берілді. Бұл да алдыңғы жылға қарағанда 1,5 есеге артық деген сөз. Жалпы, қай салада болмасын даму көрсеткіштері жыл озған сайын өсу үстінде.
– Мемлекет басшысы қойған міндеттердің бірі, ол халықты жұмыспен қамту мәселесі. Бұл бағытта нендей шаруа атқар-дыңыздар?
– Ауданда "Жұмыспен қамту-дың жол картасы – 2020"  мем-лекеттік бағдарламасы сәтті жү-зеге асып жатыр деп ауыз толты-рып айтуға болады. Мәселен, аудандағы 484 тұрғыны осы бағ-дарламаның шарапатын көріп отыр. Бұл жөнінен біздегі көрсет-кіш облыстағыдан анағұрлым жо-ғары. Мұның сыртында ағымдағы жылы жұмысқа тұруға өтініш біл-дірген 215 адамның 98-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. 115 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондықтан мен айтар едім, өңірде жұмыссыздық мәселесі 100% шешілген.
Халықты жұмыспен қамтуға жеке кәсіпкерлер де ұдайы қол ұшын созып келеді. Кәсіпкерлік-тің  көкжиегін кеңейту арқылы  жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл бір жағы-нан аудан экономика-сын ілгерілетуге сеп . Биыл "Бизестің жол картасы – 2020" бағдар-ламасының шеңберін-де тиімді делінген сегіз жобаға 66,5 млн. теңге көлемінде несие берілді. 
Негізі қолға алған бар-лық жобаларды кәдеге жаратудың түпкі мақса-ты халықты жұмыспен қамтамасыз ету екендігін ұмытпау қажет. Мәсе-лен, ауданымызда  был-тыр 36 жаңа жұмыс оры-ны ашылды. Мұның сыр-тында "Жұмыспен қамту-дың жол картасы" бағ-дарламасының аясында мал өсіремін, жиһаз жасайтын цех ашамын, көлік қызметін көрсете-мін деуші елуге тарта адамға 88 млн.теңгенің көлемін-де шағын несие ұсынылды. Биылдың өзінде кәсіпкерлікпен айналысқысы келген 22 адам  мемлекеттік бағдарламаның қамқорлығын сезінді. Қайткенде халықтың мүддесі алдыңғы кезекте тұруы ләзім.
– Қарабалық ауданы өзге өңірлер сияқты асыл тұқымды мал шаруашылығын дамы-туға мықтап ден қойды. Әзірге аяқ алыстарыңыз жаман емес сияқты…
OLYMPUS DIGITAL CAMERA– Дұрыс айтасыз. Негізгі бағыт, ол ет және ет өнімдеріне деген сұраныстан туындап отырғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Сон-дықтан неғұрлым етті,сүтті бағыт-тағы асыл тұқымды қара малдың басын көбейтсек, соғұрлым шар-уа жайы да оңтайлана түсері даусыз. Нақтырақ айтсам, біздегі "Север-Агро" және "Терра"  ЖШС сияқты ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары асыл тұқымды мал басын ұлғайтуға ниетті. Жалпы, аудан бойынша бүгінгі таңда 23,673 қара мал есепте. Бұрнағы жылдармен салыстыр-ғанда зеңгі баба тұқымы  12,6 пайызға өсті. Сондай-ақ, жылқы, талпақ танау тұқымында өсім байқалады. Біздің негізгі мінде-тіміз халықты сапалы азық-түлік-пен, оның ішінде ет, сүтпен қамту болғандықтан, мал шаруашылы-ғын дамытуды алдыңғы орынға шығаруымыз заңды. Елбасының қойып отырған басты талабының өзі де осы ғой.
– "Дипломмен – ауылға" бағ-дарламасымен ауылға барған мамандарға тиісті қамқорлық көрсетіліп жүр ме?
– Әрине. Бұл салада да айтар жетістіктеріміз аз емес. "Диплом-мен – ауылға" бағдарламасымен ауданға келген жас  мамандарға тиісті жағдайлар жасалып жатыр. Ол жағынан бізге келген жастар ештеңеге мұқтаж емес. Маман-дарға көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алуға бюджеттік несие бөлінеді. Осының арқасында 2009 жылдан бері қарай Қара-балық жеріне 184 жас маман келіп орналасыпты. Оның көбі медицина мамандары, мұғалім-дер. Ауыл шаруашылық саласы-на келіп еңбек етіп жатқандар да бар. Қазір ауылға барамын, ауыл-дың жағдайын түзеуге қол ұшым-ды беремін деген жастарға мем-лекет лайықты қамқорлық жасап жатыр ғой. Сондықтан, жоғары оқу орынын бітірген жастар ба-тыл қадам жасайды ғой деп ой-лаймын. Бүгінде барлық өңірде мамандар тапшылығы айқын сезіледі. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан, "Диплом-мен – ауылға" бағдарламасы өте тиімді жоба екендігін қазір айқын сезініп отырмыз.
– Әңгімеңізге рахмет!
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓