Құрбандық шалып жаратқанға жақында

IMG_4278Көптен күткен мұсылманның екі айтының бірі Құрбан айт мейрамына санаулы күндер қалды. Кедей-кепшіктің көңілін көтеріп, ағайынның арасын жақындататын Құрбан айт мерекесі Қазақтың қашаннан қуанышының қайнар көздерінің бірі болған.
Асыл дініміз бейбітшілігімен, тазалығымен, бауырмалдылы-ғымен ғана қуантып қоймай, өзінің мереке-мейрамдарымен де мұсылмандарға шаттық сыйлайды. Сондай мерекелер-дің ұлығы – Құрбан айт.
Құрбан айт мерекесі тек бәріміз білетіндей мал сойуымен ғана шектелмейді. Құрбандық жеке бас пен қоғам тұрғысынан көптеген пайдалары бар құлшы-лық. Құрбандық – берген сансыз нығметтері үшін Аллаға шүкірші-лік етіп, күнәларының кешірілуін тілеу.
Құрбан – қоғамда бауырмал-дық, бір-біріне жәрдемдесу және өзара қол ұшын берудің, рухани тұтастықты күшейтудің жолы. Әлеуметтік әділеттің іске асуына үлкен үлес қосады. Әсіресе, құрбан шалудың арқасында мал сойған кезде, пақырлар да негізгі азық-түлік заттарынан   санала-тын етке деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. Негізінде күн сайын қоғамның ет қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жер бетінде жүздеген, мыңдаған мал сойы-лып жатады. Бірақ бұларды тек шамасы жеткендер ғана пайда-ланады. Ал құрбанның еттерінен көбіне мұқтаж болғандар пайда-ланады.
Құрбан айтта құрбан шалу-дың үкімі
Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Уәжіптігінің дәлелдері:
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: "Намаз оқы және құрбан шал" (4) – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) "Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұ-ра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындама-сын!" – деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем деген-де, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) "Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті", – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені "сүннет" жолы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.
Құрбан шалу кімдерге уәжіп?
Құрбан шалу белгілі бір адам-ға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек.
Мұсылман болу
Құрбан айт уақытында жолау-шы болмау
Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбан-ның уәжіп болуы үшін нисап мөл-шеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес.
Құрбан шалған уақытта мін-детті түрде ниет ету керек. Өйт-кені, малды ғибадат үшін соя-тыны сияқты, тек қана етін пай-далану үшін де союға болады.
 Құрбан шалудың уақыты
Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады.
Құрбандыққа шалуға бола-тын мал.
Тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жа-сар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті бол-са, құрбандыққа шалуға жарай-ды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал.
Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойыл-майды.
 Бірігіп құрбан шалу
Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал, сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құр-бан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.
Құрбандыққа жарамайтын мал.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) құр-бандыққа жарамайтын мал ту-расында: "Соқырлығы анық бел-гілі соқыр, ауруы белгілі ауру-шаң, (жүре алмайтындай дәре-жеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық мал құрбандыққа жарамайды", (5) – деген.
Ханафи мәзһабының ғалым-дары хадисте айтылған құрбан-дыққа жарамайтын малдағы кем-шіліктерге қиас (салыстыру) жо-лымен басқа да кемшіліктерді қосқан. Ол кемшіліктер мыналар:
Бір көзі соқыр.
Сойылатын жерге жете ал-майтын дәрежеде әлсіз.
Құлағы немесе құйрығы ту-мадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген.
Тістерінің көбі түсіп қалған.
Емшектерінің басы жұлынып қалған.
Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған.
Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында атал-мыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса не-месе алған малы өліп қалса, қай-тадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет ет-кен кедей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті құрбан шалуы уәжіп бол-маған кедей адам, бойында кем-шілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы – нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.
Құрбан шалуда өкілдік
Құрбандық малын мүмкінші-лігі болса, мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Құр-бан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немесе хат сияқты жолдармен өзінің ор-нына басқа адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге "менің орныма құр-бан алып, шал" деп айтылған уа-қытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады. Хз. Әлидің Пайғамбарымыздың орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят бар.
Құрбан малы қалай шалынады?
Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет. Пайғам-барымыз бір хадисінде былай дейді: "Малды бауыздаған уа-қытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және те-зірек бауыздап малды рахаты-на қауыштырсын".
Құрбандыққа шалынған мал-дың терісін кедейлерге, қайы-рымдылық қорларына беруге болады. Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай сада-қа ретінде кедейлерге беруге бола ма?
Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан түспейді.
Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма?
Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрба-нының етінен жеуіне рұқсат. Бі-рақ өлінің тапсырып кеткен өсие-тін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге бол-майды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.
Шоқан қажы ҒАЗИЗҰЛЫ,
Қостанай қалалық мешітінің бас имамы.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓