“Жомарт жүрек” иелері марапатталды

Арамызда өз туған жерінің өркендеуіне, көркеюіне елеулі үлес қосып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар аз емес. Ондай жандар қандай құрметке болса да лайықты. Осы орайда, бүгін Әулиекөл ауданының әкімі Е.Теменов “Жомарт жүрек” сыйлығының лауреаттарын марапаттады. Бұл сыйлық “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Атамекен” кіші бағдарламасы аясында тағайындалады. Жобаның ұйымдастырушысы – ҚР Қоғамдық даму министрлігі. Сыйлық қайырымдылық, меценаттық және филантропия идеяларын насихаттау мақсатында жанашыр азаматтарға беріледі. 
Сонымен, “Жомарт жүрек” сыйлығының “Жыл меценаты” номинациясына туған жерде бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асырып, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсетіп жүрген Аламира Жансүгірова ие болды.
жомарт жүрек “Туған өлке” номинациясы елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын қайта жаңарту және салу, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін Ақылбек Ысқақовқа табыс етілді.
жомарт2 Ал, “Жыл тұлғасы” номинациясына белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметтеріне байланысты Гүлсара Сарина ие болды.
жомарт4
 “Ерен еріктілік” номинация­сы волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін  Айнұр Наурызбаеваға табысталды.
жомарт3

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓