Амангелдідегі айшықты істер

Амангелді ауданы облыс орталығынан шалғайда жатқанымен, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы көштен қалып отырған жоқ. «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сынды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу көрсеткіші жақсы. Кәсіп игерген жастардың қатары көбейіп, шағын және орта бизнес қарқыны артқан.
IMG_7089
 
Аудан әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша,жаңа жұмыс орындары құрылып, құрылыс кешендері бой көтеріп келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген басымдықтар мен халықтың әл-ауқаты, өмір сүру сапасын арттыруға екпін түсірілген. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында жыл басынан бері 5,4 млрд теңге игерілген. Бағдарлама шеңберінде жалпы саны 5064 адамды еңбекпен қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде 939 адам жұмысқа тұрыпты. Бұл сала бойынша батыр атындағы ауданның ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіштері бар.
103533851_3040200872732656_688314986120256447_o
 
Ауданда, ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 16 766 адам тұрады. Жан басына шаққанда табыс көлемі бірнеше есе өскен. Былтыр өңірдің жылдық бюджетіне 4 млрд теңгеден астам кіріс түскен. Аудан экономикасының негізгі капиталына 1 млрд теңге инвестиция құйылды. Нақты көлем индексі – 71,9%. Амангелдіде 914 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, бөлшек сауда айналымы 364 млн теңгеге бір-ақ жеткен.
IMG_7177
Құрылыс қарқын алған
Амангелді ауданында 18 пәтерлі үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаға 153 млн теңге қарастырылды десек, қазір оның 110 млн теңгесі игерілген. Шатыры мен терезелері салынып, көше жақ беті қапталып болған. Құрылыс жұмыстарына аудан тұрғындары тартылған. Аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Нұрлан Қойшығұлов айтқандай, қазір инженерлік желілері тартылуда.
— Құбыр жүргізу, су тарту, ішкі жұмыстары басталып кетті. Негізгі жұмыстардың 90 пайызы аяқталып тұр. Үйді пайдалануға беру үшін 20-25 адам уақытша  жұмыс тапты. Осы құрылысқа аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы орналасқан жастар да бар. Сонымен қатар бұған дейін де ауданның барлық құрылысына атсалысып жүрген тәжірибелі құрылысшыларды табасыз. Негізі бұл пәтерге электронды кезек жүйесі бекітілген. Жалпы, ауданда 5 категория бойынша 132 адам үй кезегінде тұр, — деп атап өтті Нұрлан Молдашұлы.
IMG_7164
Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Амантоғай ауылдық округі Жалдама орта мектебінің ағымдағы құрылыс жұмысына 6 адам, аудандық спорт мектебі футбол алаңының құрылысына  8 адам, Қарасу ауылдық округіндегі  «Машдвор» бөгетін күрделі жөндеуден өткізуге 8 адам,  аудандық орталық аурухананың ағымдық жөндеу жұмысына 15 адам, Жалдама, Амантоғай  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 15 адам, Байғабыл ауылдық округінің  аудандық маңызы бар автомобилдер жүретін жолды жөндеуге 15 адам тартылған. Бұл құрылыс жұмыстардың барлығы «Жұмыспен қамту жол қартасы» аясында атқарылуда.
Аудан орталығында белгілі меценат. «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақов бассейн салып бермек. Б.Майлин көшесінде атаулы ғимараттың құрылысы басталып та кетті. «Қостанайпроект» ЖШС құрылыс ұйымы бассейн нысанының сызбасын жасап берген. Құрылыс жұмыстарының мердігері – «ҚостанайАнгарҚұрылыс» ЖШС. Нұрлан Қойшығұловтың сөзінше, жоба биыл аяқталуы тиіс.
-Қазіргіқұрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мұнда жиырмаға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Осылайша, жұмыссыздық мәселесі де шешімін тауып отыр. Жалпы, бұған дейін аудан көлемінде мұндай заманауи нысан болмаған. Келушілер үшін жағдай жасаған меценат ағамызға алғысымыз шексіз,-дейді маман.
IMG_7150
Аудан орталығында жаңа кейіпке енетін келесі нысан – Ә.Боранбаев атындағы мектеп интернаты. Жөндеу аяқталып, толық қалпында іске қосылған соң мұнда 70 бала тәрбиеленеді деп жоспарлануда. Бүгінде «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 130 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім нысаны 18 жыл бұрын толық жөндеуден өткен. Одан кейін, 2016 жылы мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы жүргізіліп жатқан жұмыстарға «Алюминстрой» ЖШС құрылыс компаниясы жауапты.«Алюминстрой» құрылыс компаниясы – мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты қатысушысы. 2000 жылы құрылған кәсіпорын облыстың дамуы үшін мінсіз қызмет атқарып келеді. Жыл өткен сайын әлеуеті артып, ауқымы кеңейді.
IMG_7536
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданға сапарында 1972 жылы салынған Жасбуын орта мектебін аралап көрген болатын. Мектепте 177 оқушы білім алады. Аталған мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Аймақта инфрақұрылым да назардан тыс емес. Амангелді және Есір ауылдарына 852 млн теңгеге су желісі тартылып, 9 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылған. Биыл Қабырға ауылын сумен қамтамасыз ету мақсатында су тазарту құрылғысын орнату үшін қаржы қарастырылды. Жалпы, Амангелді ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 8 ірі жобаны қолға алынған. Жұмсалатын қаражат – 584 млн теңге.
IMG_7532
Ақсайдың «он алтысы», Байғабылдың «бесі»
Аудан әкімі Әмірхан Асановтың мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы аудандағы қордалы мәселелер рет-ретімен шешіліп келеді. Мәселен, Ақсай ауылына баратын қосымша жолдың «жыры» бірнеше жылдан бері қозғалып келе жатқан-ды. Биыл бұл іске де нүкте қойылады.
– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында да жолдар жағарып, бірнеше нысан реттеледі. Көп жылдан бері айтылып келе жатқан Ақсай ауылына баратын кірме жолдың 16 шақырымы биыл дұрысталады. Бұған қоса орталық жолдан Байғабыл ауылына түсетін 5 шақырымға 120 млн теңге бөлінді. Жұмыстар күзде толық аяқталады. Жолдың жағдайына «Алюминстрой» құрылыс компаниясы тікелей жауапты. Келісім-шарт жасалды. Қарасудағы «Машдвор» бөгетінің жағдайын білесіздер. Менің есеп беру кездесуімде тұрғындар тарапынан көтерілді. Күрделі жұмыс жүреді, жауапты тұлғалар бекітілді, — деп түсіндірді Әмірхан Біркенұлы.
117424966_1183349772031570_6173108963430699873_o
Ауылішілік жолдардың жөнделуі де назардан тыс қалмайтыны белгілі болды. Жыл аяғына дейін Абай,Байтұрсынов, Божманов, Дулатов, Кейкі батыр, Мәуленов көшелері орташа жөндеуден өтпек.
«Рухани жаңғыру»: түлектер тартуы
Былтыр Амангелді ауданына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Көркейе бер, Қостанай» акциясы аясында 100 млн теңгеден артық қаражат тартылды. Оның тең жартысын мектеп түлектері жинап берген. Олар өздері оқыған мектептеріне заманауи сыныптар, бірнеше шағын футбол алаңдары, спорттық құрал-жабдықтар, музыкалық аспаптар сыйлады. Мәселен, Амантоғай орта мектебіне осы білім ордасының түлегі Ж.Шаяхметов 10 млн теңгеге IT және робот техникасы, тағы бір түлек Ә.Боранбаев 2,5 млн теңгеге өзі оқыған мектебіне IT-сыныбын жабдықтап берді. Қолдасбаев мектебінің түлегі С.Қанафин 12 млн теңгеге шағын футбол алаңын салып берсе, Үрпек ауылдық округінің түлектері де дәл осындай футбол алаңын 8 млн теңгеге сыйға тартты. Серік Қанафин Б.Қолдасбаев атындағы мектептің спорт алаңын салуға қолдау көрсеткен. Тасты ауылына жергілікті кәсіпкер Ә.Саматов мектеп ішіндегі шағын орталыққа 2,5 млн теңгенің жабдықтарын алып берген.
IMG_7532
Биылдың басты жаңалығы – аудан орталығына кіретін бас көшенің жаңғыртылуы. Жергілікті әкімдік бастап, Абай көшесіне тротуар төсеп заманауи жарықшамдар орнатқан. Бұған дейін бірлі-екілі көшелер жөндеуден өткені болмаса, мұндай жобалар ауданда жүзеге асқан жоқ., А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай осы көшенің кіреберісінде Абай стелласы бой көтерген.
IMG_7070
P.S. Коронавирус пандемиясы кез келген өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына теріс әсерін тигізіп отырғаны рас. Сол себепті індетті біріге жеңу мақсатында жергілікті тұрғындар атқарушы билікке қолдарынан келгенше көмек қолын созуда. Мәселен, біз барған Амангелді ауданында тұрғындар аудандық аурухана шотына 3 400 000 теңге аударған. Оның 480 мың теңгесіне 10 пульсоксиметр алынды. Тағы 1 366 200 теңге дәрі-дәрмекке төленген. Жалпы ауданда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Дәрілердің екі айлық қоры құрылған.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓