Дәрігерлер қосымша төлемақы алады

Коронавирус инфекциямен күресте алғы шепте жүрген қостанайлық дәрігерлерді ынталандыру мақсатында 1,2 млрд теңге көлемінде қосымша төлем жасалды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді.200728102501458eКороновируспен күрес бойынша қабылданған шаралар туралы айта келе, А.Мұхамбетов колл-орталықтардың жұмысын күшейтуді атап өтті. 
«Емханада пациенттерге үйде медициналық көмек көрсету үшін 160 мобильді әмбебап бригада құрылды. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Қостанай қаласындағы емханалардағы мобильді топтардың жұмысшылары 12 такси көлігімен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта жеке қорғаныс құралдарының балансы 64 мың бір рет қолданылатын арнайы киімдер, 4 мың рет қолданылатын, 80 мың маска, 200 мың қолғап, бұл екі айдан астам мерзімге жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Келесі қорғаныс құралдарын қосымша сатып алу келесі жылдың ақпан айына дейін жоспарланған », — деді А. Мұхамбетов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓