Бес интернатқа жаңа көлік кілтін тапсырды

Бүгін Қостанай облысындағы сапарында ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың 5 медициналық-әлеуметтік мекемесінің өкілдеріне жаңа көліктердің кілтін табыс етті.
IMG_2608А04сайтМарапаттау рәсімі ҚР-да қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Әлеуметтік қызметкер күні қарсаңында өтті.
Екі шағын автобус қариялар мен мүгедектерге арналған Руднен және Лисаков интернат-үйлеріне берілді. №2 Руднен интернаты мен Қостанайлық балаларға арналған психоневрологиялық  интернат-үйі  «Жедел жәрдем» көліктеріне ие болды.
IMG_2613А05сайт«Лада приора» маркілі көлік облыстық мүгедектердің бейімделу орталығына табысталды.
Салтанатты жиын соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова әлеуметтік қызметкерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, денсаулық, отбасыларына бақыт, жұмыстарында сабырлық тіледі.

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓