COVID-19: +56 адам

11 шілдеде Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын 56 адам жұқтырды. коронавирус дайын фото
Індет 51 қостанайлықтан, Арқалық қаласының 4 тұрғынынан және бір лисаковтық азаматтан анықталды. Барлық науқас өз еріктерімен жүгінгендіктен, сондай-ақ, тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу симптомдарына шағымданғандықтан және коронавирусқа шалдыққан азаматтармен байланыста болғандықтан, тексерістен өтті.
Бұлармен байланыста болған адамдар анықталу барысында, бәрі медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
11 шілдедегі мәлімет бойынша, облыста індет жұқтырғандары саны 1556 адамға жетті, олардың 738-і емделіп шыққан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓