Қатаң тәртіп – індетке тоқсауыл

WhatsApp Image 2020-07-10 at 19.49.22
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жұртшылығына жасаған телевизиялық үндеуінде әлемдегі ахуалдың күрделеніп тұрғанын, індеттің таралуына алаңдайтынын жеткізді. Күннен-күнге ушығып бара жатқан эпидемияның біздің елімізді де айналып өтпегінін ашық айтты. Елімізде барлық шектеу шаралары қолға алынды, Үкімет басшысының төрағалығымен арнайы комиссия жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда, санитарлық режим күшейтілді. Ел Президентінің онлайн режимде өткен Үкімет отырысында да жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Біздің емханамызда індеттің алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ, ең алдымен адамдардың бір-біріне дертті жұқтырмау жағы жіті назарымызда. Сол себепті, ғимаратты екі жақтан қабылдау, яғни, сау адам мен аурудың симптомдары барларды бөлек-бөлек қарау тәртібіне көшірдік. Емханаға кіре берісте кезекші дәрігерлер келушілерді медициналық маскасыз ішке кіргізбейді. Олардың дене қызуы тексеріледі. Егер адамда температура анықталмаса, антисептикпен қолын шайғызып, әрі қарай өтуіне рұқсат береді. Ал дене қызуы, жөтелі барлар бірден даладан ғимараттың екінші бөлігіне жіберіледі. Мұндай сақтық шаралары індеттің таралуына барынша тоқтау болады.
Аурудың таралуын азайту және болдырмау мақсатында 6 мобильді бригада құрып отырмыз. Яғни, әрбір 10 мың тұрғынға 1 топтан келеді. Олардың барлығы көліктермен қамтамасыз етілген. Бірте-бірте мобильді бригадалар қатарын көбейту жоспарымызда тұр. Дәрігерлік топтар өкпесі қабынғандардың үйлеріне барып, қажетті медициналық көмектер көрсетеді. Мекемеміз 62 мың адамға қызмет көрсетеді.   
Осындай сақтану шаралары мен дәрігерлік көмектердің арқасында науқастар саны бірте-бірте азайып қалды. Дене қызуы, пневмонияға шалдыққандардың беті бері қарап келеді. Әрине, науқастардың арасында асқынғандарын күндізгі стационарға емдеуге жіберіп, қалғандарын үйлерінде ем алуға қоя береміз. Ауырған азаматтарға барынша дәрі-дәрмектерді  беріп жатырмыз.
Адам кез-келген ауруды жеңе алады. Әсіресе, қазіргі коронавирустық инфекция, ел ішінде таралған өкпе қабынуын тоқтату үшін ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған карантиндік шараларды қатаң сақтағалда ғана індетті тоқтатуға мүмкіндік бар.
Осы себепті, барлық азаматтарға жеке басының гигиенасын таза сақтауға, үнемі жуынып, заласыздандыру сұйықтықтарын қолдануға, қоғамдық орындарда, автобустарда бетперде киіп, арақашықтықты сақтауға шақырамын.
 
Манарбек АХМЕТОВ,
«Қостанай қалалық №3 емханасы» КМК бас дәрігері.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓