Дәріні қымбаттатып сатқан

11111

6 шілдеде COVID-19 пандемиясымен күрес кезеңінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері жедел ақпарат негізінде дәрілік заттарды жоғары бағамен сату фактілерін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Қостанай қаласы тұрғынынан бақылаудағы сатып алу арқылы 15 қорап «РОТАЦЕФ» дәрілік заты орнатылған шекті құнынан жоғары бағада сатып алынды. Сондай-ақ, айыпталушыдан сәйкес құжаттарсыз және ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығын бұзатын қосымша көлемде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, айыпты тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓