Тәртіпке жүгіне бастаған

Қостанайлықтар қайта енгізілген карантин режиміне жауапкершілікпен қарай бастағандай. Бұған мониторингтік топтың 6 шілдедегі кезекті рейді барысында көз жетті. Облыс орталығында санитарлық-дезинфекциялық және маскалық режимнің, шектеу шараларының нысандарда сақталуы тексеріліп, өрескел қателіктер тіркелген жоқ.043e23e7-5fea-4daa-9413-49117c678a3a
5e7fe84b-0c5f-4577-99af-feb4b4953e83Тексеріс шаралары ірі сауда үйлерін, моншаларды, қоғамдық тамақтану орталықтарын, кішігірім үй жанындағы дүкендерді қамтыды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау мамандары мәлімдегендей, Қостанай қаласында барлық жерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып отыр. Айталық, "Атриум", "Али-Баба", "Бум", "Евроцентр" сауда үйлері, "Март", ОӘД" сауда орталықтары уақытша жабылған. "Абди" дүкенінде барлық талап сақталулы – ұдайы термометрия жүргізіліп, әлеуметтік арақашықтық қадағаланып отырады, санитайзерлер орнатылған.f05089b9-026c-4e78-a8a0-0978a51fae06"Алсу" сауда үйінде мониторингтік топ автомектептің жұмыс істеп тұрғанын әшкереледі. Оларға түсіндірме шарасы қолданылып, қызметтеріне тыйым бар екені ескертілді. Автомектеп иесі бұдан әрі курсанттарды онлайн тәртібінде оқытуға уәде берді. 868003ae-3a3a-49ec-9953-486f2f11948e26a949a5-c327-4ff6-90c8-322f4de5d280"Мегастрой" құрылыс материалдары дүкенінде азаматтарға қолайлы боуы үшін нысан әкімшілігі оны секцияларға бөліп қойған, яғни әрқайсысына кірер есік бөлек. Бұл халықтың шоғырланбауына мүмкіндік ашады. Барлық қызметкерлері және тұтынушылар маска тағынған, үстелдерге антисептиктер қойылған.11a15b91-8607-4c64-8ecd-a6b268756a2d12321785-af10-4de0-990e-75fcfcaed285Айта кету керек, барлық дүкен тұрғындарға маскасыз қызметкөрсетіп жатқан жоқ. Кәсіпкерлер бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарай бастаған. Мамандардың  моншаларды арнайы аралауына тура келді. Өйткені қала тұрғындарынан моншалар мен сауналар әлі жұмыс істеп жатқандары туралы хабарламалар келіп түскен. Алайда, бүгінгі тексеріс барысында барлық моншаның жабық тұрғаны белгілі болды.e59e860f-7c01-441d-9e38-e8567d29126fОблыс көлемінде нысандардың шектеу шараларын сақтауын бақылау тексерістері жалғаса береді.
Дерек үшін айта кетейік, 2020 жылдың 11 мамыры мен 6 шілдесі аралығында облыстық аудан-қалалары әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топтар  ұзын саны 4181 нысанға тексеріс жүргізген. Оның 342-сінде ереже бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, 20 нысанның жұмысына уақытша тыйым салыныпты. 125 әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілген. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓