COVID-19: +12

1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 12 адам жұқтырған.коронавирус дайын фотоҚостанай қаласында 1985, 1989, 1958 және 1975 жылғы азаматтар медициналық мекемеге жүгінді.
Рудный және Жітіқара қалаларында   COVID-19   1966,1975, 1983 жылғы ер адамдардан және 53 жастағы әйелден анықталды.   
Қостанай, Федоров, Амангелді және Қамысты аудандарында 1954, 1962,1960,1961 жылғы әйелдер дерт жұқтырған.  
Емделушілердің өздерінің шағымдануы бойынша, профилактикалық мақсатта, сондай-ақ тамақтың ауыруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу белгілерімен тексерілді. ПТР диагностикалық зерттеулер қорытындысы олардың індетке шалдыққанын көрсетті.   
Ауру ошақтарында мамандар профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді, олармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.  
Эпидемиологиялық тексеру мен эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.  
Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 524-ке жетті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓