Тесттен өту үшін не қажет?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің (ТКҚСБК) «Ұлттық сараптама орталығы» барлық жеке тұлғалар үшін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен Сovid-19 коронавирустық инфекцияға тестілеуді бастады.regnum_picture_15843680923356683_normal-750x500
Тестілеу Қазақстанның облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық сараптама орталығының филиалдарында жүргізіледі.
ПТР әдісімен жүргізілетін Covid-2019 тестінің құны – 11 500 теңге. Зерттеу үшін биоматериал ретінде мұрын-жұтқыншақ және араң жағындысы қолданылады.
Тест қорытындыларын шығару 12-24 сағат аралығындағы уақытқа созылады. Covid-2019 жұқпасының жоқ екендігі туралы анықтама оны алған сәттен бастап 5 күнге жарамды болады. Тест қорытындылары анализ тапсырған жерден алынады.
Тестілеуден өту үшін азаматтар жеке мәліметтерді толтырып, алдын ала  www.nce.kz сайтына тіркелуі қажет.
Сонымен қатар, филиалдарға барған кезде медициналық бетперденің болуы, қауіпсіздік қашықтығын сақтауы және белгіленген уақыттан кешікпеуі қажет.
Талдауларды қабылдау кестесі: аптасына 7 күн, сағат 8.30-дан 16.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).
 
Қостанай қаласында ҰСО филиалы: Әл-Фараби көшесі,113
тел.: 8 (7142) 54-44-18, 8 (7142) 54-74-10, call-орталық: 8 (7172) 55-49-21
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓