Министр инфекциямен күрес қадамдарын таныстырды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус инфекциясымен күрестің қадамдарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.159308686657ku3_1000x768 Оның сөзіне қарағанда, министрлік тарапынан тұрғындар тап болған негізгі проблемаға талдау жасалуда.
«Халық пен медициналық қоғамдастықтың алаңдаушылығы пандемияның аяқталуы мерзімінің айқындалмауымен байланысты. Сонымен қатар, қазіргі кезде емдеу мен профилактиканың тиімді әдістерінің болмауы да көпшілікті алаңдатып отыр», — деді А. Цой коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.
Осы орайда жүргізілген талдау негізінде министрлік халықтың сұранысына әрекет ету бойынша аса маңызды 10 шараны пысықтады. А. Цой осы негізгі қадамдарды таныстырды:
1. Амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым әрі түсінікті ескертпелер даярлау;
2. Дәрілік заттарды жеткізу мен сатып алу рәсімдерін жылдамдату. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру;
3. COVID-19-ды диагностикалауда цифрлық рентген-аппараттарды пайдалануды кеңейту жолымен тексеру шараларының қолжетімдігін арттыру;
4.Тестілеу үшін зертханалар қуатын күшейту, тестілерді уақытылы жеткізу;
5. Шақыртулар кезінде мобильдік бригадалармен тестілерді алуды ұйымдастыру;
6. Үйде пациенттер үшін барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету;
7. Амбулаторлық деңгейде консультацияларды қашықтан жүргізуді енгізу;
8. Стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау;
9. Жерлеу тәртібін өзгерту;
10. Азаматттардың эпидемиологиялық сақтығын жоғарылату.
«Қоғамдық деңгейде әлеуметтік және жұмыс істеу тәртібін бейімдеу, корпоративтік жауапкершілікті арттыру, ақпараттық технологиялар әлеуетін жүзеге асыру тетіктері енгізіледі», — деді министр.
Сондай-ақ, А.Цой қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақын уақытта қабылданатынын айтты.
«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», — деді ол.
Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓