ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Жедел штаб отырысы өтті. Жиын барысында облыс көлеміндегі шектеу шараларын күшейту мәселесі қаралды.cb23a26a-07f7-4cf2-b697-2d460b2129e6984e0dce-eb75-4eae-b038-4a03a02794b9Атап айтқанда, 19 маусымнан бастап "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған", "Арқалық-Амантоғай",  және "Қостанай – Рудный" автожолдарына тексеріп өткізу бекеттері қайтадан қойылады. Сонымен қатар, аттракциондар мен субұрқақтардың, батуттардың жұмысына, караоке барлардың, бильярд, боулинг орталықтарының, тату-салондардың, массаж салондарының жұмысына тиым салынбақ.   03efe1cd-ca3d-4ccb-9575-85ef82f256c3
ХҚКО-ға онлайн режимінде қызмет көрсететін болады. Ал, кейбір қызмет алдын ала жазылу бойынша сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін көрсетілмек.
Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмысын тек жазу бойынша 10-00-ден 18-00-ге дейін, білім беру орталықтарының жұмысы, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары 9-00-ден 16-00-ге дейін, өнеркәсіп тобының тауарларын өткізетін объектілердің жұмысын 20-00-ге дейін, азық-түлік және азық-түлік емес сауда нысандарының жұмысын 10-00-ден 16-00-ге дейін, жағажайлар мен саябақтардың жұмысын 22.00 сағатқа дейін шектеу қарастырылған.2c917ac9-48a0-42ab-89bb-9dd148334bf1
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің 80%-ын қашықтан қызмет көрсетуге көшіруге кеңес берілді. Ал басқосулар тек онлайн түрде жүргізілетін болады. Шектеу шаралары 18-нен 31 маусымға дейін жалғаспақ.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓