Екі жүрек, бір мұрат

Дәрігерлік – жауапты мамандық, осы жауапкершілікті арқалап жүрген, кәсіптері де, нәсіптері де ортақ жас отбасы бар. Олар – Мейрам Жүнісов пен Айжан Бекетова.69e526a0-f5ce-42d3-9616-c5365eadf8cdАйжан Бауыржанқызы Қостанай облысы Торғай селосында дүниеге келген. Ол 2016 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсіп, 2019 жылы акушерия-гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы саласы бойынша аяқтап шыққан. Алғашқы еңбек жолын 2017-2018 жылы Қостанай облысытық ауруханасының босану бөлімшесінде екі жыл бойы рездинтурадан өтіп, кезекші дәрігер ретінде жұмыс атқарады. Ол ауруханада қызмет ете жүріп өзінің жұбын тауып, 2018 жылдың күзінде Мейрам Жүнісовпен шаңырық көтереді.
Ал отағасы Мейрам Наурызым ауданының тумасы. Ол да Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінде хирург дәрігері мамандығын алып, алғашқы еңбек жолын Қостанай  облысы Денисов аудандық ауруханасында төрт жыл қызмет етіп бастайды. Қазіргі таңда Қостанай облыстық  ауруханасында хирургия бөлімшесінде хирург болып жұмыс істеуде. Жас дәрігерлер отбасы Әмина есімді қыз сүйіп отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓